Тұраров өткен-кеткендерге бокс қолғабын үлестіріп, спарринг өткізуді ұсынды. Жанқош олардың кейбіреуінің видеосын өзінің Instagram парақшасындағы "сторис" бөлімінде жариялады, сонымен қатар басты бетте шағын роликті жұрт назарына ұсынды.
Еске сала кетейік, 6 тамызда Тұраров Белфаст қаласындағы (Солтүстік Ирландия) бокс кеші аясында жергілікті боксшы Тайрон Маккеннамен жұдырықтасуды жоспарлаған еді, бірақ жекпе-жек өтпей қалды, ал WBO қазақстандықты бірінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионы титулынан айырды
Комментарии