90 жастағы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Поделиться:
Қазанда 91 жасқа толатын ғалым, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын салдыры, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ғалым Алмаз Шарман Facebook-парақшасында жариялады. Ол Төрегелді Шарманов Sinopharm шығарған Vero Cell вакцинасын салғызғанын жазды.

"Бүгінде бүкіл әлемді қауіпті инфекция жаулап алды. Бұл - коронавирус. Бұл қауіпті инфекциядан бір ғана жолы бар (қорғанудың. - ескерт.) - бұл вакцинация. Мен жылдар бойы өзіме осындай қауіп төндіріп келдім. Вакцинация тек өзін ғана емес, сонымен қатар туыстар мен достарды қорғау екеніне сенімдімін", - деді академик.

Шарманов қазақстандықтарға жалған жаңалықтар туралы да ескертті.

"Қазір вакцина қауіпті деген жалған ақпарат тарады. Сенбеңіз, вакцина - бұл жалғыз қорғаныс әдісі және отбасы мен достар арасында қалудың жалғыз жолы. Маған ештеңе болған жоқ, мен сенімдімін және вакцина алғаныма қуаныштымын, - деді ғалым.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также