Орал тұрғыны әлеуметтік желіде порнографиялық сипаттағы видеоны таратқан. Факті киберқауіпсіздік саласындағы жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталған деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпараттандыру және байланыс саласында жалпы 48 заңбұзушылық анықталған. Порнографиялық материалдар таратқан 8 интернет-ресурс белгілі болған. Мәселен, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Оралдың 20 жастағы тұрғыны "ВКонтакте" желісінде порнографиялық видео таратқаны мәлім болды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 1-бөлігіне сәйкес (Порнографиялық материалдар немесе заттарды заңсыз тарату) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшыларының дерегінше, киберқауіпсіздік саласындағы қылмыстардың антирейтінгінде интернет-алаяқтық бірінші орында тұр. "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында 34 факті ашылған.
Осындай жағдайлардың бірінде 23 жастағы жігіт ЖШС-ның 27 жастағы қызметкерінің телефонын, фотосы мен деректерін пайдаланып, оған iPhone-ды несиеге рәсімдеген. 400 мың теңге шығын келтірілген.
Бүгінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 70 порнографиялық сайтты анықтаған болатын. Сондай-ақ жеті күн ішінде 12 интернет-алаяқтық фактісі әшкереленген.
Әлеуметтік желіде порнографиялық видео таратқан 20 жастағы оралдық анықталды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}