Біз неге Олимпиадада жолымыз болмайды білесің бе?!
Қарапайым (һәм қорқынышты) арифметика:
Жалпы спортқа биыл шамамен 260 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде:
- Облыстық (+3 мегаполис бар) спорт басқармаларына шамамен 168 млрд теңге.
- Мәдениет және типа спорт министрлігіне 52 млрд теңге.
- Ұлттық олимпиада комитетіне 15 млрд теңге.
- Қалған 15 млрд Самұрық- Қазына арқылы кәсіби спортқа бөлінеді.
Логика бойынша облыстық басқармалар балалар һәм жасөспірімдерге жағдай жасап, тәрбиелейді. Министрлік олардың жарыстарын ұйымдастырады, федерацияларды қаржыландырады, ел чемпиондарын анықтайды. Олимпиада комитеті үздіктерді халықаралық аренаға алып шығады.
Болуы керек. Бірақ солай ма?! Облыстық, қалалық басқарма әкімнің жақсы көретін спортына (футбол, волейбол, хоккей т.б.) 80% қаржыны құяды, ол легионерлер қалтасына кетеді.
Ауылдың балалары ше? Сол тақырда әлі отыр. Қай ауылдан көрдің спорт алаңын? Сол алаңда бірдей формамен жаттығып жүрген балаларды?
168 млрд ақшаға бір жылда бүкіл ауылдың спорт алаңы мәселесін шешіп тастауға болады. Тіпті сдача қалады. Жоқ, біз оны келімсектерге береміз. Себебі ол жерде откат бар, интерес бар. Балалар?! Түкірдім балалар спортына.
Тіпті жағдай жасалған деген қаланың өзінен тегін секция көрдіңдер ме? Өлгенде 15 мыңнан басталады құны. Инвентарь өзің әкелесің. Оған бәрінің жағдайы жетеді ме?!
Енді сол талантты ашпасақ, ашылуға жағдай жасамақ қайдағы алтын?
Қазір біз жеміс бермеді деп ағаштың бұтағын кескіміз келеді, салдарын айтамыз. Ал себебі құрт түскен тамырында жатыр ғой. Сондықтан құрт болып тұрған барлық кәсіби клубтардан арылып, жеке беріп, мына қыруар қаржыны балалар һәм бұқаралық спортқа арнау керек. Бәрі спортсмен болмаса да дені сау ұлт боламыз.
ПыСы. Сурет көрнекілік. Астана ФК бөлінген сома олимпиада резервіне (ол жүздеген спортшы мен мыңдаған маман) бөлінген сомадан да артық.
Блогер Алмас Тоқабаевтың желідегі жазбасы
Тіпті жағдай жасалған деген қаланың өзінен тегін секция көрдіңдер ме? - Алмас Тоқабев
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}