Атыраулық көп балалы ана құқығынан айрылуы мүмкін

Поделиться:
Атырауда балаларын қараусыз қалдырған әйел ата-аналық құқығынан шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні Атырау қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, Вокзал 3 ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің балконынан төрт жасөспірімнің құлайын деп тұрғанын хабарлаған.

Полиция мекенжайға дереу жетті. Тексеру кезінде Ішкі істер органдарында “жайсыз отбасы” есебінде тұрған 31 жастағы қызылқоғалық әйелдің балаларын Атырау қаласында тұратын досының үйінде қараусыз қалдырып, ішімдік ішіп жүргені анықталды.


Оның тәрбиесіндегі төрт бала Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Айта кетері, Атырау облыстық полиция департаменті 11-17 тамыз күндері аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіуде.

Іс-шара басталған үш күннің ішінде ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жайсыз отбасыларды тексеріп, нәтижесінде 50-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также