Бірден басын ашып алайық. Спортсмен қай дінді ұстаса да өз еркі. Ол католик болуы мүмкін, пұтқа табына ма, тибеттік буддашыл ма, тек Алланы ұлықтайтын мұсылман ба, жер ана мен көк аспанды қасиетке балайтын тәңіршіл ме, өзі біледі. Өйткені дін, сенім – жеке бастың нәзік те интимді мәселесі.
Меркіт, найман, керейдің XIII ғасырға дейін крест таққанынан рухы жоғалып кетпеді. Қожалар әкелген ислам дінін бірінші болып қабылдаған ұлы жүздің руларының рухты адай мен беріштен асып кеткен ештеңесі жоқ. Бізді дін емес, бәрімізге түсінікті қазақ тілі біріктірді. Тіл тақырыбына кейінірек.
Ислам діні рухты жоғалтатын болса, шешен, дағыстан жігіттері күрестен алтын алмас еді. Керісінше тек ислам діні рух беретін болса, қытай, жапон, америкалық пен ресейліктер неге олимпиадада көш басында жүр?
Ендеше алтын медальді дін немесе сенім алмайды. Бап, шеберлік, талант, бақ алады.
Енді тіл мен діннің байланысына қатысты ойымды айтайын. Тілді діннен жоғары қоямын. Ислам дініне кіргізбес бұрын қазақша үйретші. Сосын ол қазақтілді ортаға сіңеді, қазақша ойлай бастайды. Біртіндеп тіпті қазақша түс көретін болады. Бастысы қазақты түсіне бастайды. Айналасындағы адамдардың үйіне қонаққа барады. Батаның мәнін түсінеді. Әруаққа бағыштаған құранның маңыздылығын ұғады. Сосын өзі-ақ мұсылманға айнала бастайды. Бір күні мешітке де баруы мүмкін. Яғни тіл арқылы ғана дініңе оңай тарта аласың. Кез келген басқа диаспора мен этнос қазақша сөйлеп тұрса сүйкімді көрінеді, жылұшырайды, өзіңе жақын тартасың, еркін әңгімелесесің. Ольга Шишигина Мәжіліске барған кезінде қазақша сөйлегенінде ғой. Қазақтың жігіттері тағы бір пәтер, тағы бір көлік сыйлар еді. Нұрислам Санаевқа да қатысты ойым осындай.
Қазақ тілі – әртүрлі сенім мен дін иелерін жақындатушы, біріктіруші күш. Ислам діні – біріккен, жалғанған тұсын дәнекерлеп, берік қылатын мықты қасиетке ие.
Әлбетте кері ағымдардан сақтанған жөн. Сондықтан Нұрислам Санаев қарағым, мұсылмандық мұртты қырумен шектелмейді ғой. Исламды ұстанған екенсің, исламды ұстанған мұсылманды да сыйла. Олар мұртсыз сақалыңа үрке қараса, ерегеспей-ақ қой. Ислам діні сенің сақал-мұртыңа байланып қалған жоқ қой. Көркем мінезіңмен үлгі бол. Көркем мінезіңді қазақтың тілімен жеткіз. Қазақтың дәстүрімен жүр, ұлттық ерекшеліктерін сыйла. Халық айтса, қалт айтпайды. Халықтан ешқайсымыз асып кете алмаймыз. Өйткені қазақ «Халық - құдайдың мың атының бірі» деген.
Айдос Жұқанұлының желідегі жазбасы
Алтын медальді дін немесе сенім алмайды - Айдос Жұқанұлы
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}