Қыз-келіншектерді Бахрейн корольдігінде сексуалды құлдыққа салған Шымкенттің үш тұрғыны 6 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот жабық режимде өтіп, оған 7 жәбірленуші қатысты, деп жазды Otyrar.kz.
Сотталған әйелдер бөлек әрекет еткенімен, бір әдісті пайдаланған. "Жеңгетайлар" қонақ үйде, бар мен басқа да орындарда жоғары жалақы төленетін жұмысқа тұрғызамын деп уәде еткен. Ал жәбірленушілер шетелге шыққан соң, олардың құжаттары мен телефондарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Сондай-ақ оларды жабық бөлмеде ұстап, бір-бірімен сөйлесуге тыйым салған.
Жәбірленушілер Бахрейнде шамамен бір жыл, яғни жергілікті полиция борделді анықтағанға дейін интимді қызмет көрсетіп келген.
Корольдікте Маджит есімді жергілікті тұрғын сотталғандарға көмектескені белгілі болды. Шымкент тұрғындары Бахрейнге қыздарды жеткізгені үшін Маджиттен ақша алған.
"Олар Корольдікте болған кезде әлгі "жеңгетаймен" жақын араласып кеткені тергеу және сот барысында анықталды. Маджит қыз-келіншектерді жеткізіп тұрғаны үшін сыйақы беремін деп уәде еткен. Жалпы 3 қылмыстық іс қаралды. Барлығы осы Маджит арқылы жеткізілген", - деді Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.
Сексуалды құлдықта қазақстандықтардан бөлек басқа да шетелдік қыз-келіншектер, соның ішінде ТМД елдерінің азаматтары бар екені белгілі болды. Қазір Шымкентте қазақстандық қыздарды сексуалды құлдыққа сату бойынша тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл сот отырысында трансұлттық қылмыстық топ мүшелері сотталуда.
Қыз-келіншектерді Бахрейнде сексуалды құлдыққа салған шымкенттіктер сотталды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
12.08.2021
Автомұнарадағы ақау: Атырауда электр жөндеуші қаза тапты
12.08.2021
Қапшағайда полиция қызметкерлері күзетшілерді сабап тастады
12.08.2021
Қазақстанда балалар үшін коронавирусқа қарсы вакцинация төртінші тоқсанда басталмақ
12.08.2021