Павлодарское ауылының маңында суға кеткен адамның денесі табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Ер адамның денесі 12 тамызда сағат 13-41-де Павлодарское ауылында Ертіс өзенінің сағасынан табылып, жедел атқару жасағының күшімен судан шығарылды», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында демалыс күндері үш адам суға батып кеткен.
Қайғылы оқиғалар шомылуға арналмаған жерлерде болды.
8 тамыз күні сағат 17: 20-да Шаукен ауылының маңындағы сорғы станциясының жанында шомылу кезінде Ефремовка ауылының 30 жастағы тұрғыны суға батып кетті. Тағы бір жағдайда Май ауданында 7 тамыз күні Белая өзенінде Баскөл ауылында 44 жастағы Ақсу тұрғыны батып кетті. Сол күні Шарбақты ауданында Шалдай ауылының жанындағы жасанды су қоймасында 42 жастағы ауыл тұрғыны ажал құшты.
Павлодарское ауылының маңында суға кеткен адамның денесі табылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}