Тәуелсіз Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев 16 жылдан кейін еліне қайта оралды. 2005 жылғы революция кезінде ол Ресейге қашып кеткен болатын. Экс-президентті Бішкекке Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдырған. Ол «Құмтөр ісі» бойынша жауап беруді бастады деп хабарлайды АКИpress.
Бішкекте Ақаев жергілікті журналистермен кездесіп, бірқатар сұраққа жауап берді. Ол қазіргі президент Садыр Жапаровпен кездескенін, аталған қылмыстық істе өзінің қандай роль атқарып жатқанын айтты.
«Мен мемлекеттің қазіргі басшылығына алғысымды айтқым келеді. Садыр Нургожаевич маған отаныма оралуға мүмкіндік жасады. Мен бұл жаққа көмектесу үшін келдім. «Құмтөр» ісі бойынша маған сұрақтардың бар екенін білемін. Өйткені, өнеркәсіп орны менің кезімде салынды. Мен тергеу ісіне көмектескім келеді. Қазір бірінші тергеуден өттім», - деді Асқар Ақаев.
Ол Қырғызстанға небәрі 1 аптаға ғана келгенін де айтты. Ал, Кұмтөрге қатысты өзге сауалдарға тергеу аяқталып, сот үкімі шыққаннан кейін жауап бермекші.
«Бішкек қатты өзгеріп кетіпті, әдемі қала болған. одан әрі де гүлдене берсін. Бастысы, біздің жасыл қала сақталып қалған», - деді экс-президент.
Айта кетейәк, «Құмтөр» алтын кенішіне қатысты тергеу ісі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 1992 жылы аталған кенішті игеру үшін шетелдік инвесторлармен келісімшарт жасасқан уақыттан бері ұзақ уақыт билік өкілдері ірі көлемдегі коррупциялық әрекеттерге барып отырған.
«Бішкек өзгеріп кетіпті»: Асқар Ақаев 16 жылдан кейін еліне оралды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
03.08.2021
Мысырда өтетін ең ірі сұлулық байқауына Қазақстанның атынан алматылық қыз қатысады
03.08.2021
«Лаборатория Касперского»: во втором квартале 2021 года выросло число сложных целевых атак
03.08.2021
«Kaspersky»: 2021 жылдың екінші тоқсанында күрделі мақсатты шабуылдар саны артты
03.08.2021