Мысырда өтетін ең ірі сұлулық байқауына Қазақстанның атынан алматылық қыз қатысады

Поделиться:
23 жастағы Әйгерім Байтөре Мысырда өтетін Miss Intercontinental 2021 сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Байқаудың финалы 29 қазанда Шарм-Эль-Шейхте (Египет) өтеді. Айгерім байқау туралы әлеуметтік желілерден білгеннен кейін, Қазақстанның ресми өкілі M&B Model Agency ұйымынан іріктеуден өтті.

"Бұл менің барлық мүмкіндігім мен талантымды көрсете алатын керемет платформа. Байқауда қатысушылар сұлулық үшін ғана емес, ақыл мен ішкі қасиеттері үшін де бағаланатыны қуантады", - деді ол.

Әйгерім Байтөре Будапештте жоғары экономикалық білім алған. Citibank және ExxonMobil халықаралық компанияларында қаржы талдаушысы болып жұмыс істеген. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) түлегі.



Бала кезінен вокалмен айналысады. Бос уақытында кітап оқығанды, фитнеспен айналысқанды ұнатады. Ол саяхаттағанды жақсы көреді, 10-нан аса елде болған. Ағылшын тілін еркін меңгерген. Қазіргі уақытта Алматыда ірі компанияда бухгалтер болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, Әйгерім білім беру саласында да жұмыс істейді, жеке мектеп пен балабақшаларды дамытуға көмектесіп жүр.



"Бұл менің осындай байқауға қатысудағы алғашқы тәжірибем болады. Бірақ мен Қазақстанды жоғары деңгейде көрсету үшін бар күшімді саламын. Дайындық басталып кетті. Қазіргі уақытта дефиле сабақтарына қатысып, сөйлеу техникасымен жұмыс істеуді үйреніп жүрмін", - деп бөлісті ол.

Айта кетейік, 2019 жылы Miss Intercontinental байқауына Қазақстанның атынан Алматылық Лаура Мұхтар қатысқан болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также