Өкінішпен мойындайтын жәйт - бүгінгі Қазақстанда дін әу бастағы міндеті - біріктіруші фактор болудың орнына кейде керісінше қоғамның жік-жікке бөлінуіне жол беруде. Бұның артты мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі әбден мүмкін.
Әрине, Исламның айтылғанға еш қатысы жоқ. Мәселе асыл дінімізді өздігінше бұрмалап уағыздайтын жекелеген топтар мен тұлғаларға, олардың көздеген түпкі мақсаттарына келіп тіреледі.
Сенім-наным секілді аса сезімтал саланы реттеу ісінде тек қана тыйым салу мен шектеулерге басымдық берілгені ағаттық. Онымен қатар білім беру саласын жетілдіру, жастардың діни сауатын ашу, олардың бойында әр нәрсеге соқыр илана салу емес, саралап, талдап, көз жеткізіп барып көзқарас қалыптастыру қабілетін ояту сынды шаруалар қолға алыну керек.
Осы орайда мемлекеттік иделогия саласына жауап беретін орындармен қатар Мүфтиятқа артылып отырған жауапкершілік зор. Бұнда білімі мен өмірлік тәжірибесі жеткілікті, сөзімен де ісімен халықты өзіне қарата алатын молда-имамдар жеткілікті.
Мәселе – ресми мекемелер оның істеріне асыра араласа бермей, дәстүрлі дінімізді насихаттаушы осындай азаматтарға мұрсат берілуінде. Дәстүрлі діни орталардың құзіретін, қаржылық мүмкіндіктерін арттыру да ерекше маңызды.
Теріс ағымдардың жолын кесіп орнына төл құндылықтарды дәріптеу тұрғысынан бұқаралақ ақпараттық құралдарының әлеуеті жеткілікті түрде іске асып отыр деп айта алмаймыз. Тиісті контенттегі бағларламалар, пікір-сайыстар әлі күнге шейін жоқтың қасы.
Дінге қатысты қоғамды толғандырған мәселелер бойынша муфтидің, имам-молдалардың мақалалары не болмаса эфирге шығып сұхбат беру деңгейі қайта көңіл көншітпейді.
Ал жақсылап қолға алса аталған тәжірибе кезінде Түркия, Малайзия, Әмірліктер сияқты елдердегідей түбінде оң нәтижесін берері сөзсіз.
Расул Жұмалының желдіегі жазбасы
Теріс ағымдардың жолын кесіп, төл құндылықтарды дәріптеуде БАҚ әлеуеті жеткіліксіз - Расул Жұмалы
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
28.07.2021
40-летний мулла осужден за изнасилование девочки в Карагандинской области
28.07.2021
"Анасы қайда қарап жүр": Айжұлдыз Адайбекованың суретін жұрт сөгіп тастады
28.07.2021
Атырауда шымкенттік жігіттен 2 млн теңге бопсалады деп күдіктелген ару қамауға алынды
28.07.2021