Атырауда өзінің жігітінен барлығы 3 млн 540 мың теңге бопсалады деп күдікке ілінген 21 жастағы бойжеткен тергеу изоляторына қамалды деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.
Полицейлер атыраулық бойжеткенді 18 жастағы жігітінен ақша алып жатқан сәтінде ұстағаны хабарлаған еді. Тәртіп сақшыларына көмекке жүгінген жігіттің айтуынша, сүйіктісі одан “Зорлау” фактісі бойынша жала жауып, үстіңнен іс қозғатамын" деп ақша талап еткен.
Жігіттің сөзіне сенсек, оқиға бірнеше рет қайталанған. Алғашында оның екі миллион теңгесін алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша сұраған. "Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады", - деп мәлімдеген болатын құзырлы мекеме.
Бүгінде тергеу соты тәртіп сақшылары жинақтаған іс материалдарын қарап, бойжеткенді ұстау туралы санкция бергені белгілі болып отыр. Енді ол сотты тергеу изоляторында күтеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 1-бөлігі "Қорқытып алу" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер бойжеткен өзге де жігіттерді бопсалауы мүмкін деп күдіктенеді. Қазіргі уақытты бойжеткеннің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан қаласында қонақүйде ер адамды бопсалады деп күдіктелген әйел ұсталғанын жазған едік.
Атырауда шымкенттік жігіттен 2 млн теңге бопсалады деп күдіктелген ару қамауға алынды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
28.07.2021
Елімізде жаңа оқу жылы қандай форматта басталады
28.07.2021
Әйелін құтқармақ болған: Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыпты суға кетті
28.07.2021
Спорт саласын салафиттерден тазаламай, көсегеміз көгермейді - Ерлан Төлеутай
28.07.2021