Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Поделиться:
Алдағы күндері республиканың бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жел күшейеді, кей облыстарда бұршақ түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Петропавлда найзағай жарқырап, бұршақ жауады деп болжануда. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтілуде. Күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жел соғады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды.

Қарағанды облысында жел күшейіп, кей жерлерде найзағай жарқырайды. Кей аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің күші 15 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай және жел күшейеді деп болжанып отыр. Ақтау қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с дейін барады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан қаласында да желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында 35 градус аптап ыстық болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с құрайды, төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда екпіні 15-20 м/с жел соғады.


Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также