Оқиға куәгері 26 шілдеде таңертеңгі сағат 4.30-да полицияға хабар түсірген. Оның айтуынша, белгісіз біреулер Қабанбай батыр даңғылындағы көпір аркасына шыққан. Оқиға орнына құқық қорғау органдары барды.
"Факт расталды. Тәртіп сақшылары елорданың 19 және 21 жастағы үш тұрғынын ұстады. Тәртіпбұзушылардың айтуынша, олар Нұр-Сұлтан қаласының панорамасын түсіріп, TikTok-қа жарияламақ болған", - деді елордалық полиция департаментіндегілер.
Учаскелік инспекторлар ұсталғандармен профилактикалық әңгіме өткізді.
Просмотров материала: 0