Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

"Балконнан ірі сомада ақша лақтырған": Петропавлда 93 жастағы әжей алаяқтарға оңбай алданып қалды

Поделиться:
Петропавлда 93 жастағы зейнеткер алаяқтарға балконнан ірі сомада ақша лақтырған. Бұл оқиғаның мән-жайын Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 22 шілде күні кешке қаскөйлер 93 жастағы әжейді алдап соққан.

Оның үй телефонына қоңырау шалып, немересін полицияға әкетіп бара жатқанын айтқан. Олар мәселені шешу үшін зейнеткерден 5 мың доллар талап еткен.

Қорыққан зейнеткер өзінің бар жиған-терген 300 мың теңгесін ұсынған. Оған балконға келген әйелге ақшаны лақтыруды бұйырған. Аңғал әжей қаскөйлердің айтқанын орындаған.

Кейінірек, туыстарымен хабарласқан ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Осыдан кейін Петропавлдың қарт тұрғыны полицияға жүгінген.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелген. Қазір тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы барларды анықтап жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также