Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі туралы шешім өзгеріссіз қалды

Поделиться:
Елордалық сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақтан босату туралы өтінішті қабылдамады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Осылайша, үйқамақта ұстау туралы шешімнің күші жойылмайтын болды.

"Қымыстық-атқару кодексінің 107-бабы, 7-бөлігі, 1-тармағын басшылыққа ала отырып, сот алқасы шешім шығарды: Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі күдікті Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде екі ай бойы үйқамақта болу мерзімін санкциялау туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмайды. Түпкілікті қаулы шығарылды, аппеляциялық шағым түсіруге жатпайды", - дейді судья Элеонора Оңғарсынова.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылған еді.

Айта кетсек, экс-министрге қатысты іс ақша жымқыру дерегі бойынша қозғалған болатын. Алайда экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко ақша жымқыру фактісі расталмағанын, оны қаржы мониторингі агенттігінің өзі мойындағанын мәлімдеді.

Бүгінде Елжан Біртанов ДСМ ақпараттандыру платформасын құрастыру мен санитарлық авиация бортын пайдалану кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

Дегенмен сот отырысында Біртанов санитарлық авиция тікұшағын коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін екендіктен пайдаланғанын, оған премьер-министрдің келісім бергенін айтқан еді.


Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также