Балаға ақша бермес бұрын онымен негізгі ережлерді талқылап алыңыз. Әуелі отбасында ақшаның қайдан пайда болатынын және оның қалай бөлінетінін түсіндіріп беріңіз. Өзіңізді үлгі ретінде көрсетіп, ақшаны қалай ұтымды жұмсауға, жинақтауға және көбейтуге болатынын үйретіңіз.
Осындай жолмен сіз өз балаларыңызға болашақта сенімді әрі қаржылық тұрғыда тәуелсіз азамат болуына көмек бересіз.
Ата-аналардың қаперіне:
- Аптасына бір күн, мысалы сенбі не жексенбі күні балаларыңызбен қаржылық тексеріс жүргізіңіз: қанша ақша жұмсалды, қанша ақша алды. Әрине, есеп беру мен талқылау емен-жарқын ортада іске асуы тиіс.
- Балаңызды ақшаны дұрыс жұмсағаны үшін мақтап, қолпаштап, қателіктері болса байыппен талқылаңыздар. Бастысы, бала сабақ алса болғаны. Орынсыз шығындар үшін баланы ұрсудың қажеті жоқ. Өз қателіктерінен сабақ алуға рұқсат беріп, қажет болғанда кеңес беріп көмектесіңіз.
- Бірге бюджетті жоспарлау туралы пайдалы кітаптарды оқып, ақша жайлы фильм көріңіздер. Және естеріңізде болсын: балалар көп жағдайда ата-анасынан үлгі алады, сондықтан да өз қаржылық сауатыңызды жетілдіріп, қаржылық тәртіпті дамытуды ұмытпаңыз.
Дереккөз: fingramota.kz
Баланы қаржылық сауаттылыққа баулудың негізгі ережелері
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}