"ТАРАЗЫДА МИЛЛИОНДАРДЫҢ ӨМІРІ...
Ковид қырып келеді. Тура былтырғыдай дос-жаран, тума-туыс, әріптестер жұқтырып жатыр. Арасында ауыр жатқандар да бар. Бұл кеселден қалай құтыламыз? Қашан құтыламыз? Масканы шешіп, терең тыныс алып, жұқтырып алудан сескенбей жүретін күн қашан келеді? Оны білмедім. Бірақ әлі кемі екі-үш жыл алысатынымыз анық.
Вакцина алуға қатысты да екі түрлі ой бар. Әркім өзі біледі. Бірақ сақтанудың бір жолы болса ол осы вакцина, басқа жол өкінішке орай әзірге жоқ. Вакцинаның өзі 100% қорғамайды, оны ашық айту керек. Себебі ағзада иммунитет қалыптастыру әр адамда әртүрлі. Біреуде тез, біреуде кеш. Вакцина еккен соң да кей жағдайда вирус жұғып жататыны сондықтан. Вакцина алып, иммунитет қалыптасып үлгерсе, вирус жұқтырып жатсаңыз, онда жеңіл өтеді. Көп жағдайда.
"Вакцина алдым, толық қорғаныштамын" деген сөз ақымақтық. Немесе "вакцина алғандар да жұқтырып жатыр, қорғамайды ол, алмаған дұрыс" деу де дұрыс емес (деп ойлаймын). Вирус ол оқ сияқты, ал вакцина қорғаныш жилеті. Оқ жилет киген адамға да, кимегенге де тиеді.
Айырмашылығы жилет кигенде тірі қалу мүмкіндігі мол. Вакцина да сол сияқты. Ектірген адамның аман қалу шансы бар. Оқтың сан түрі, калибрі шығып, жилетті тесіп өтетініндей, вирустың да сан түрлі штамдары шығып жатыр. Сондықтан кейде аса қауіпті штамдар иммунитеттің өзін капитуляцияға қол қойдырып жібереді. Осылай түсінемін өзім. Медик емеспін, сондықтан ойым қате болуы мүмкін.
Білерім біреу. Адамзат ғылымның арқасында талай вирусты жеңді. Вакцинамен тоқтатты. Мынаны да солай тоқтатады. Иә, қазіргі вакциналар тым аз уақытта жасалды. Сынақ уақыты кемі 5-6 жыл болады көбіне, бірақ адамзатта ондай уақыт жоқ. Таразыда миллиондардың өмірі, трлндаған доллар экономика, жүз миллиондаған адамның жұмысы. Сондықтан аз уақытта жасалған вакцинаны алуға мәжбүрміз. Іштей күдік те бар, болуы заңды да. Адам болған соң күмән болады. Дей-тұра мен бұл тығырықтан бізді ғылым алып шығады деп ойлаймын. Вакцина соның бір жемісі. Өкінiштісі біздің елде әлі де болса ДДСҰ (ВОЗ) мойындаған вакциналардың жоқтығы. Бұл биліктің үлкен қателігі, денсауминнің үлкен кемшілігі. Күзде келеді дейді. Қоғам сол сәтте көбірек ала бастайтын шығар.
Қорыта айтқанда вакцина алыңыз-алмаңыз өз таңдауыңыз. Бастысы сақтанып, қорғанып жүріңіз. Ауру белгілері болса бірден ауруханаға барыңыз, өзіндік емнен аулақ болыңыз. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікті сезініңіз. Әр қазақтың, аз қазақтың өмірі маңызды"
Асхат Қасенғали, блогер
Дереккөз: facebook
Асхат Қасенғали: Әр қазақтың, аз қазақтың өмірі маңызды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
17.07.2021
За прошедшие сутки в Казахстане зарегистрировано 5658 новых случаев КВИ
17.07.2021
Прокурор оказался замешан в крупном скандале в СКО
17.07.2021
"Істемегендері жоқ": Қаза болған полицейдің әйелі 8 ай бойы қорлық көргенін айтты
17.07.2021