Ashyq қосымшасынан тағы да ақаулар шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қызметтің Telegram-арнасында мәлім болды.

"Құрметті Ashyq қызметін қолданушылар! Қазір қосымшада техникалық ақаулар бар. Уақытша қолайсыздықтар тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз", - делінген 27 мамырда сағат 13.10-да жарияланған хабарламада.

Сағат 13.25-те арнада қызмет қалпына келгені туралы хабарлама жарияланды. Алайда кейбір қолданушы әлі де қосымшаға кіре алмай отыр.



Еске салайық, Ashyq бағдарламасындағы ақауларға бірнеше рет шағым айтылған. Солардың бірі 20 мамырда болды.