Сенат Жоғарғы соттың судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Конституциясының 55-бабы 1-тармақшасына және "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 34-бабы 3-тармағына сәйкес, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Шепелева Лариса Аркадьевнаны отставкаға кетуіне байланысты Сенатқа Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босату ұсынылсын деген қорытындыға келді. Қолдауларыңызды сұраймын", - деді Сенат отырысында депутат Владимир Волков.

Депутаттар судьяны қызметінен босатуға дауыс берді.