"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан Мадрид клубынан кетуді ұйғарды. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Француз маман "корольдік клубтан" 2018 жылы Чемпиондар лигасында қатарынан үшінші рет жеңіске жеткеннен кейін кеткен болатын. 2019 жылы үзілістен кейін "Реалға" оралған Зидан клубпен бірге Испания чемпионаты мен Испания Суперкубогын жеңді.
Өткен маусымда мадридтіктер Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетіп, Ла Лигада екінші орын алды.
Бұған дейін "Ювентустың" бұрынғы бас бапкері Массимилиано Аллегри "Реал Мадридте" Зиданның орнын басуы мүмкін деген ақпарат пайда болған.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии