Шымкентте полицейлер жоғалған үш жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2 мамырда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, түскі бір шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.
Бүлдіршінді іздеу жұмысына полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
"500-ден астам тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ қызметтік иттер тартылды", - делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде үш жасар қыз сағат 22:10-да "Отырар" шағын ауданынан бір шақырым жерден аман-есен табылды. Полиция баланы ата-анасына жеткізді.
Жоғалған қыздың әке-шешесі шымкенттік полицейлерге ризашылығын білдірді.
Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар қыз табылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}