Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Қызылордада екі көлік соғылып, 4 адам зардап шекті

Поделиться:
Қызылорда облысында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2 мамыр күні Қызылорда қаласына қарасты Талсуат елді мекені тұсында болды. «Жол-көлік оқиғасынан төрт жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Оның ішінде 1 азаматша және 3 жасөспірім бар. Көз жұмғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также