28 сәуірде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген "Pusa caspica" итбалығының күшігі Құлалы аралында Каспий теңізіне жіберілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол наурыз айының соңында ауыр жағдайда теңіз жағасынан табылды. Куәгерлердің айтуынша, ол сол маңда екі күндей жатып қалған. Салмағы 4 келіден сәл жоғары болды (ал нақтысында ол 10-12 келі болуы керек).

Жануар Ақтау қаласындағы Каспий итбалықтарын зерттеу және қалпына келтіру орталығында толығымен қалпына келгенше емделіп, күтіп-бапталды, мұнда барлық қажетті ветеринарлық-сауықтыру шаралары жүргізілді.



28 сәуірде "Бекіре" жедел алдын алу шарасы аясында бір тәулік ішінде ғана браконьерлік торлардан шекарашылар 6 итбалық пен бекіре балықтарының көп мөлшерін тәркілеп, табиғи мекендеріне жіберді.

Браконьерлер қара базарда сатылатын итбалықтарды аулайды (100 грамм майы 5000 теңге тұрады). Біз сіздердің назарларыңызды Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты ғалымдарының Каспий итбалықтарының майларының емдік қасиеті жоқ және адам денсаулығына қауіп төндіреді деген тұжырымына назар аудартқымыз келеді, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Итбалықтар Каспий теңізінің экожүйесінде ерекше рөл атқарады. Шекара қызметі баршаны қоршаған ортаға мұқият әрі қамқор болуға шақырады.