Көбіміз есте сақтау қабілетін жақсарту үшін әр түрлі жаттығуларды жасауға тырысамыз. Алайда көп жағдайда тек қана жаттығулар жасап жағдайды жақсарту мүмкін емес. Себебі ұмытшақтық пен зейінсіздік әртүрлі себептерден пайда болады. Мысалы, шаршау, нашар тамақтану, аз қозғалысты өмір салты немесе ағзаға оттектің жетіспеуі.
Дене жаттығулары
Жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері салауатты өмір салтын ұстанатын студенттердің оқуда әлдеқайда озат болатынын байқаған. Мұның ғылыми дәлелі бар. Жүректің әр жиырылғаны сайын қанның 20-25 пайызы миға барады, нәтижесінде ми оттегімен жақсы қанығады. Сонымен қатар жаттығулар мидағы гиппокампқа (аз мерзімдік жадтың ұзақ мерзімді жадқа өтуіне жауап беретін мидың бөлімі) пайдалы әсер тигізеді.
Жадты жаттықтыру
Зерттеулер бойынша, адам өмір бойы қабылданған ақпараттың 5 пайызын ғана есте сақтайды, ал оның 35 пайызын жетектеуші сұрақтар арқылы есіне түсіре алады. Кез келген дене бөлігіндей миды да жаттықтыру маңызды. Миды жаттықтырудың әр түрлі тәсілдері бар:
Тұрақты түрде оқу;
Өлеңдерді жаттау;
Қызықты хоббимен айналысу;
Кроссвордтар мен ребустарды шешу;
Шахмат ойнау және т.б.
Медитация жасау
Көптеген адамдар үшін еш алаңдаусыз нақты бір нәрсеге назар аудару қиынға соғады. Назар салуды жақсартуға ең қарапайым жаттығулар көмектесе алады. Ғалымдар медитация жасайтын адамдар миындағы сұр заттың тығыздығы жоғары болатынын анықтаған. Ең қарапайым әрі қысқа жаттығулардан бастап көріңіз.
Пайдалы азық-түліктер
Ми жұмысын және есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдарды екіге бөлуге болады: қысқа мерзім және ұзақ мерзім бойы әсер ететін азық-түліктер. Мысалы, шоколад ми жасушаларына уақытша дем бере алады, ал жаңғақ ұзақ мерзімді жадтың жұмысына пайдалы әсерін тигізеді. Ми жұмысын және есте сақтау қабілетін келесі дәрумендер жақсарта алады:
D, E және P дәрумендері;
B тобының дәрумендері;
С дәрумені.
Ұйқы режимі
Ұйқы режимінің бұзылуы мидың жұмысына қатты әсер етеді. Себебі ұйқы кезінде күні бойы қабылданған ақпараттың талдауы жүреді. Талдау жасалмаған жағдайда ми үшін жаңа ақпаратты қабылдау қиынға соғады. Түнде жақсы ұйықтау үшін бөлме жылы әрі қараңғы болуы тиіс. Ұйқыны күнде бір уақытта бастаған дұрыс, ағза осындай тәртіпке үйреніп, тез ұйықтап кетесіз. Жақсы ұйықтау үшін жылы суға түсуге немесе жатар алдында кітап оқуға болады.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии