Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев коронавирусқа қарсы вакцинадан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Иә, екпе алдым. Жағдайым жақсы, өзімді тамаша сезініп тұрмын", - деді Ермекбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Бүгін алдағы мерекелерге арналған шарада министр әскери қызметшілерді вакциналау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде 9 әскери медициналық мекемелерде екпе егу пункттері ашылды.
"Сондай-ақ, әскери қызметшілер тұрғылықты жері бойынша кез келген емханада вакцина салдыра алады. Осы уақытқа дейін жеке құрамның 35 проценті коронавирусқа қарсы екпе екті", - деп атап көрсетті Ермекбаев.
Айта кетейік, 25 сәуірде өткен онлайн брифингте қорғаныс министрлігі басшылықтың коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған болатын. Екпе алғандардың арасында министр Ермекбаев та бар.
Министр Ермекбаев вакцинадан кейінгі жағдайын айтып берді
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}