Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары үшін сенбі демалыс емес, үрей мен қорқынышқа толы күн болды. Ер адам күзетшіні жаралап, бірнеше сағат бойы полиция қызметкерлеріне оқ атты, содан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды SputnikNews.kz.
"Бұқар Жырау" тұрғын үй кешеніндегі оқиға бүкіл Алматыны дүрліктірді. Тұрғындардың басым бөлігі эвакуацияланып, полиция ғимарат пен жақын аумақты қоршауға алды.
Болжамдардың біріне сәйкес, ер адамның күзетшіні жаралауына ПИК-тің ұзақ уақыт бойы подъезде тұрған дивандарды сыртқа шығаруы себеп болған.
Оқиға орнына полиция жеткен кезде күдікті 17-қабаттағы өз пәтеріне қамалып алып, есіктен оқ ата бастайды.
Полиция қызметкерлері бірнеше сағат бойы онымен келіссөздер жүргізуге тырысқанымен ол еш нәтиже бермеді. Басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірмес үшін тәртіп сақшылары пәтерге басып кіруге мәжбүр болды.
Полиция арнайы операцияны бастаған кезде ер адам өз-өзіне қол жұмсады.
"Бұқар Жырау" тұрғындары ол ара-тұра пәтер терезесіне түсініксіз сөздер жазылған плакаттар іліп, тұрғындар чатында үнемі дау шығаратынын және осы себепті оны чаттан шығарып тастағанын айтты.
Алматыдағы атыс: "Бұқар Жырау" тұрғындарының зәресін ұшырған оқиға қалай өрбіді
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
26.04.2021
Орал тұрғыны көпқабатты үй кіреберісінде 2 адамды пышақтады
26.04.2021
Карантин кезінде берілген 42 500 теңгені қайтару талап етіліп жатқаны рас па?
26.04.2021
Алматы облысының тұрғыны Арбаттағы қарақшыларға бас болған
26.04.2021