Арбатта кісі тонаумен айналысқан қарақшылар тобы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қалалық полицияның мәліметінше, қылмыстық топтың серкесі - 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны.
Олардың бірнеше тонау оқиғасына қатысы бары анықталды.
Айыпталушылар қараңғыда көшеде кетіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып, ұялы телефондар мен бағалы заттарын алып, оны кейін қаланың әртүрлі ломбардтарына сатқан. Күдіктілер жедел іс-шаралар жүргізу барысында ұсталды. Тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі әлі толығуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз: тоналған адам қандай-да бір себептермен полицияға арызданбауы мүмкін. Қылмыс қаруы - пышақ алынды , - деп хабарлады Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, полиция мына телефонға хабарласуды сұрайды: 8-702-430-02-22; 8-778-620-82-16 және 8-775-774-44-41.
Алматы облысының тұрғыны Арбаттағы қарақшыларға бас болған
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}