Тарих қызықты әрі ауқымды ғылымдардың бірі болып табылады. Сол себептен оны егжей-тегжейлі зерттеу кейде қиынға соғады. Алайда тарихтың осындай егжей-тегжейіне жете қарасақ, көптеген қызықты фактілерді табуға болады.
1. Альберт Эйнштейннің президент болу мүмкіндігі болған. 1952 жылы Альберт Эйнштейнге Израиль мемлекетінің екінші президенті болуды ұсынған, алайда ғалым бұл ұсыныстан бас тартқан.
2. Ким Чен Ир жақсы композитор болған. Ол 6 опера шығарып үлгерген.
3. Пиза мұнарасы бастапқыда көлбеу болған. 1173 жылы Пиза мұнарасын салушылар ғимарат іргесінің қисайып кеткенін байқаған. Құрылыс жұмыстары 100 жылдай мерзімге тоқтатылған, алайда ғимарат құрылымы ешқашан түзу болмаған.
4. Араб цифрлерін арабтар емес, үнді математиктары ойлап тапқан
5. Тарихта болған ең қысқа соғыс 1 сағатқа да жетпеген. Бұл ағылшындар мен занзибарлар арасындағы 38 минуттық соғыс.
6. Ал тариғтағы ең ұзақ соғыс Нидерланды және Силли архипелагы арасында болған. Бұл соғыс 1651 жылдан бастап 1989 жылға дейін, яғни 335 жыл бойы жүрген.
7. Соңғы ДНҚ талдауының нәтижесі бойынша, ежелгі Мысыр билеушісі Тутанхамонның ата-анасы ағалы-қарындас болғанын дәлелдеген. Бұл Тутанхамонның түрлі ауруларға неліктен жиі шалдыққанын түсіндіре алады.
8. Бұл "Айбарлы аргентин құсы". Оның қанаттарының өрісі 7 метрге дейін жетеді. Айбарлы аргентин құсы тарихтағы ең ірі ұшатын құстардың бірі болып табылады. Ол 6 миллион жыл бұрын Аргентин жазығы мен Анды тауларында мекендеген.
9. Зерттеушілер гидролокатордың көмегімен 1,8 км тереңдікте екі ерекше пирамидаларды тапқан. Ғалымдар пирамидалардың қалың шыны түрінен жасалғанын және олардың көлемі Мысырыдағы Хеопс пирамидаларынан үлкен екенін анықтаған.
10. Аяқтарды бинтпен таңу - ежелгі қытай дәстүрлерінің бірі. Ежелгі қытайлықтар қыздардың аяқтарының саусақтарын табанына байлаған. Олар қыздың аяғы неғұрлым кішкентай болса, қыздың өзі соғұрлым сұлу болады деп есептеген.
Дереккөз: temaretik.com
Қызықты тарихи фактілер топтамасы
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}