2021 жылы мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

2021-04-13 12:18:13
Мамыр айында қазақстандықтар үш мемлекеттік мерекені атап өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар, демалыс күннің көп бөлігі екі мерекеге қатар түседі: Қазақстан халқының бірлігі күніне және Жеңіс күніне сәйкес, отандастырымыз әр мерекеде үш күннен демалады.

1 мамыр
- Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге сәйкес келгендіктен, жұмыс күні ауыстырылады, сонда үш күн демаламыз: 1, 2 және 3 мамырда.
7 мамыр
- Отан қорғаушылар күні жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бұл күн демалыс күні болып табылады.

9 мамыр
- Жеңіс күні, жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбіге ауыстырылды. Сенбі - 8 мамыр да демалыс күні. Сонда біз 8, 9, 10 мамырда демаламыз.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы белгіленген қазақстандықтар - 1, 2, 3 мамыр, содан кейін 7, 8, 9, 10 мамыр демалып, 11 мамырда толықтай жұмысқа кіріседі.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар 1, 2, 7 мамырда демалады, ал 8 мамырда жұмыс істейді, 9, 10 мамырда қайта демалады. Жаңа жұмыс аптасы 11 мамырда басталады.

Сонда мамыр айында 18 жұмыс күні және 13 демалыс күні бар.