Талап, заң бұзып, аудиториядан шығарылған талапкер ҰБТ тапсырудан 1 жылға шеттетіледі. Ал ата-ана тест тапсырып жатқан баласын үйінде отырып, ғаламтор арқылы бақылай алады. Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңалықтары бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде айтылды. Облыста 5739 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Облыста ҰБТ-леу 21-ші маусым мен 4-шілде аралығында өтеді. 14 орын қазіргі карантин жағдайына сай жабдықталып, әзірленген. Аудиторияларға талапкерлер әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, орналастырылады. Сондықтан бұрын 100-ден аса адам сыйып жүрген бөлмелерге 50-ге жетер жетпес адамнан кіргізіледі. Осыдан лек саны да көбейіп тұр. Талапкерлерге медициналық маскалар, калькулятор тест тапсыратын орында беріледі. Жастар өздерімен бірге тиым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге әрекеттенбеуі тиіс. Биылғы талап өте қатаң. Бағынғысы келмеген адам бір жыл бойы ҰБТ-ге жіберілмейді. Баланың шашбауын көтеріп, еріп жүрудің де еш қажеті жоқ. Бәрібір талапкерден бөтен адам тест тапсыратын орынға жақындай алмайды. Ал ҰБТ уақыты 4 сағат. Ата-ана баласын үйінде отырып, ғаламтор арқылы бақылай алады. Аудиториялардағы бейнебақылау камералары тікелей эфирге қосулы болады. Тікелей эфирдің қандай платформаларда жүргізілетіні қосымша хабарланады. Шалғай ауылдардан талапкерлер тест өтетін орынға күні бұрын жеткізіледі.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter https://twitter.com/rika_kz
Вконтакте https://vk.com/rikatv
Комментарии