Құрметті ақтөбеліктер!

Мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз Рамазан айын ежелден ерекше қастерлеп, «Он екі айдың сұлтаны» деп қадірлеген. Ал мереке күндері ағайын-жұрт бір-біріне жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнаған. Бұл - бір ай бойы төзімділік танытып ауыз бекіткен, ықыласпен қайырымдылық жасаған адам құрмет пен марапатқа, қуаныш пен сауапқа кенелетін сәт. 

Еліміздегі карантин режиміне байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандастарымызды айт күндері әркім өз шаңырағында болуға үндеді. Баршаларыңызды бұл қадамға түсіністікпен қарап, індеттің алдын алу мақсатында саналы көзқараспен қабылдауларыңызды сұраймын. Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз, жасаған әрбір қайырлы амалдарымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Ізгі тілекпен,

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.