Оңдасын Оразалин: Жедел жәрдем қызметіне тұрғындардан шағым болмауы тиіс
Ақпанның төрті, сейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында 2020 жылдың 1-31 қантар аралығындағы атқарушылық тәртіптің жай-күйі қорытындыланды. Жергілікті мемлекеттік органдардың 1 айда жасаған жұмысын облыс әкімінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауовтың мәліметінше, облыс басшысы тарапынан 202 тапсырма (оның ішінде 85- хаттамалық, 31 - жеке, 86 - БАҚ пен әлеуметтік желілерге шолу бойынша), жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдардан 781 тапсырма (оның ішінде 48 – ҚР ПӘ, 327- ПМК,406-ОМО) берілген. 1144 тапсырма орындалған, мерзімі бұзылып отырдалғаны – 30 болса, сапасыз орындалған 5 құжат пысықтауға қайта жіберілген. Орындалмағаны – 6. Мәселен, Ақтөбе қаласы әкімдігіне ақпараттандыру және сыртқы байланыстар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен бірлесіп 2020 жылдың 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Ақтөбе қаласының барлық қоғамдық көліктерге электрондық билеттендіру жүйесін ендіруді және GPS-трекерлерді орнатуды қамтамасыз етілу қажет болған. Аталған тапсырма мерзімінде орындалмаған. Ақпараттындару және сыртқы байланыстар басқармасына «112 - бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі» жүйесін іске қосылуын қамтамасыз ету , тапсырылған. Көрсетілген мерзімде бұл жүйе іске қосылмаған. Бүгінгі күні оқиға-оқиғалардың Республикалық бірыңғай жіктегіштері анықталмағандықтан ,бұл қызмет толыққанды іске қосуға мүмкін болмай тұр. Өңір басшысы аталған тапсырма бойынша ақпараттындару және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккерге тапсырманың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар, облыс әкімі Оңдасын Оразалин «103» жедел жәрдем диспетчерлік қызметінің сапасына да тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар түсетіндігін жеткізді.
«Ауыл, аудан тұрғындары жедел жәрдем қызметінің кешігіп келетіндігін, байланыс жүйелерінің сапасыздығын айтып шағым жасайды, жедел жәрдем халыққа мінсіз қызмет етуі қажет, тұрғындардан шағым болмауы тиіс »,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Облыс әкімі Сергей Беккерге аудандардағы байланыс жүйесін ретке келтіруді, осы мәселе наурыз айына дейін оң шешімін табу қажеттігін тапсырды.
Ондасын Уразалин: Жалоб на работу скорой помощи быть не должно!
Во вторник, 4 февраля на совещании под председательством акима области Ондасына Уразалина были подведены итоги работы за январь 2020 года.
По словам руководителя аппарата акима области Нуржаугана Калауова, местным государственным органам дано 202 поручения, в том числе 85 - протокольные, 31 – личного характера, 86 - по обзорам СМИ и социальных сетей), 781 поручение поступило из вышестоящих центральных государственных органов. Исполнены 1144 поручения, с нарушением сроков – 30, 5 документов направлены на доработку, 6 - не выполнены.
Так, акимату города Актобе совместно с управлением информатизации и внешних связей, управлением пассажирского транспорта и автомобильных дорог в срок до 1 января 2020 года было поручено обеспечить внедрение системы электронного билетирования и установку GPS-трекеров на общественном транспорте города Актобе. Данное поручение в срок исполнено не было. Управлению информатизации и внешних связей также было поручено обеспечить запуск системы "112 - Единая дежурно-диспетчерская служба". В указанные сроки данная система запущена не была.
Глава региона поручил руководителю управления координации и внешних связей Сергею Беккеру обеспечить их своевременное исполнение.
Также Ондасын Уразалин отметил, что со стороны населения поступает множество жалоб на работу диспетчерской службы скорой помощи «103».
«У жителей региона возникает немало претензий к качеству оказываемых станцией скорой помощи услуг, в их числе – некачественная связь, прибытие бригад с опозданием и др. Скорая помощь должна работать безупречно. Жалоб от населения быть не должно!», - подчеркнул Ондасын Уразалин поручив руководителю управления координации и внешних связей завершить работу по налаживанию системы связи в районах до марта.
--
Құрметпен,
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Комментарии