Оңдасын Оразалин: Басты мақсат - аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру
Бейсенбі, 30 қаңтар күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Байғанин және Темір аудандарына арнайы іссапармен барып, қос аудан әкімдерінің тұрғындар алдындағы дәстүрлі есеп беру жиындарына қатысты.
Есеп беру жиынына аудан тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттері туралы кеңінен баяндады.
Мал шаруашылығына бейімделген аудан болғандықтан бұл өңірде мал басының өсу тенденциясы байқалып отыр. Жыл ішінде «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша жоспарланған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, инвестиция тарту, мал азығын дайындау жұмыстары жоспардан артық орындалыпты. Мал басының өсімі мен сапалық құрамының жақсартылуы нәтижесінде өндірілген мал өнімдерінің көлемі де өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Жыл ішінде ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 13,5 млрд. теңгені құраған. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 66 адамға 431,3 млн теңге несие берілген.
Өндірісті өлкеде 613 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 366,8 млн теңге төленген. Жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан еңбекке қабілетті 402 адамының 218-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Шағын және орта бизнесті дамыту саласы да жақсы жолға қойылып, жыл ішінде тіркелген кәсіпкерлік субьектілер саны 1250 бірлікті құраған. Кәсіпкерлер мен жаңа кәсіпкерлік бастаушы 69 адамға 402,4 млн. теңгеге қаржылық қолдаулар көрсетілген. Ауданның сауда дүкендеріндегі азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында Қарауылкелді, Ащы ауылдық округінің орталықтарында көкөніс сақтайтын қойма жасақталған.
Жиын барысында аймақ басшысы аудан әкіміне мал шаруашылығын дамытуды, елді мекендерге газ құбырын тарту, көше жарықтандыру, әлеуметтік нысандардың құрылысын аяқтауды, ұялы байланыс жүйесін жақсартуды тапсырды.
Өңір басшысы аудан әкімінің есебін тыңдап болған соң, аудан тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлерін мұқият тыңдап, әкімге халықпен тығыз байланыста жұмыс жасау бойынша нақты тапсырмалар берді.
- Байғанин ауданы қаймағы бұзылмаған, ежелден ата кәсіпті жалғастырып келе жатқан өндірісті өңір. Мемлекетіміздің басты ұстанымы - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру, әрбір тұрғынымыздың үнінен құлақ асу, пікірімен санасу. Бүгінгі көріп отырған есептегі барлық нәтиже бірлескен адал еңбек пен тынымсыз тірлігіміздің, ауызбіршіліктің жемісі. Ел тұрғындарының бастамасына қолдау көрсетіп, әр азаматтың үнін есту ең басты міндетіміз. Өсер елдің жігіттері қашанда бірін-бірі қолдап отырған. Қазіргі таңда бір басшыға мың қосшы болып, сенім артып, алға жылжу, тәуелсіздікті сақтау. Жастарды тәрбиелеуге үлес қосу. Жалпы ел тұрғындары көтеріп жатқан проблемаларға түсіністік танытуымыз қажет. Сұрақтардың ешқайсысы да жауапсыз қалмайды, жергілікті әкімдік әрбір азаматтың сұранысына жауап беруі тиіс, - деді облыс әкімі.
Жиын барысында аймақ басшысы өткен жылы тұрғындармен болған кездесудегі және жеке әлеуметтік желісіне келіп түскен сұрақтарға тоқталып, кеңірек жауап берді.
Облыс әкімі жеке қабылдау жүргізіп, аудан тұрғындарынан келіп түскен сұрақтардың заңды шешімін табуына көмектесу үшін аудан әкіміне және мемлекеттік мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Түстен кейін облыс әкімінің жұмыс сапары Темір ауданында өз жалғасын тапты. Өңір басшысы аудан әкімі Жолдас Қалмағамбетовтің тұрғындар алдындағы дәстүрлі есеп беру жиынына қатысты.
Аудан әкімінің баяндауынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру жұмыстары ауданда белсенді жүргізілуде екен. Аудан әкімдігі тұрғындардың өтініш, арыз-шағымдарын дер кезінде шешу, кері байланыс жасау мәселесі үнемі назарда ұстап келеді. Әкімдікке түскен 327 өтініш қанағаттандырылып, кейбіріне түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Олардың басым көпшілігі тұрғын үй, газ тарту, көше жарығы, ауылішілік асфальттау, жұмыссыздық, әлеуметтік жәрдемақыларға қатысты мәселелер. Халықпен тікелей байланыс орнату мақсатында Телеграм және инстаграм желісіне тұрғындардан түскен 2700-ден астам сұрақтар мен ұсыныстарға дер кезінде жауап берілген.
Соңғы кездері аудан халқының әл-ауқатын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. Ауданда 25 елді мекеннің 11-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ең өзекті мәселе болып келген 12 мыңға жуық тұрғыны бар Кеңқияқ, Шұбарши және Саркөл ауылдық округтерін ауыз сумен толық қамту үшін Кеңқияқ ауылының су желісін реконструкциялау жұмыстары басталған. «Жас кәсіпкер» жобасы да белсенді жүзеге асырылып, өткен жылы жобаға 79 адам қатысқан. Сонымен қатар, БҰҰ-ның «Даму» бағдарламасы арқылы да өңірге инвестиция тартылған.
Облыс басшысы аудан әкімінің есебін тыңдап болған соң, аудан тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлеріне құлақ салды. Залда жиналған тұрғындардан аталған жұмыстардың орындалуы туралы сұрап, аудан әкімдігі мен мемлекеттік мекеме басшыларына халықпен тығыз байланыста жұмыс жасауды, халықтың ұсыныс-пікірлеріне дер кезінде жауап беру бойынша нақты тапсырмалар берді.
- Біз азаматтардан түскен бірде бір сұрақты жерде қалдырмауымыз тиіс. Аға буын елге жақсы қызмет етер болса кейінгі жас буын да көргенін қайталайды. Мен қайда жүрсем де жастарымыздың ешбір шетелдік замандастарынан кем емес екенін мақтаныш етіп айтып жүремін. Қазіргі жастар өте тәрбиелі, мемлекетшіл, бәсекеге қабілетті, жан жақты. Күні кеше ғана өткен Президенттік кадрлық резервтен өткен 12 жастың жартысын басшылық лауазымға тағайындадым. Жастарға сенім артып, елге қызмет ету жолында қолдау көрсету біздің басты міндетіміз.
Жоспарланған барлық әлеуметтік нысандар мен құрылыстың сапасын бақылау жергілікті әкімдіктің тікелей міндеті. Облыстағы 900 мыңға жуық халықтың барлығы маған бірдей. Әрқайсысысның үніне құлақ асып, көмектесу, барынша қолдау көрсету менің міндетім. Соңғы кездері Темір ауданы қарқынды дамып, әлеуеті артып келеді. Енді осы жеткен жетістікке бейқамдық танытпай, күні-түні еңбектеніп, ауданның дамуына бір адамдай жұмылып үлес қосуымыз қажет, - деді облыс әкімі.
Жиын соңында аймақ басшысы 5 адамды жеке мәселелерімен қабылдап, аудан басшылығына сұрақтардың шешу жолдарын қарастыруды және жуық арада орындалуы туралы ақпарат беруді тапсырды.
Ондасын Уразалин: Рост благосостояния населения остается нашей главной задачей
Аким области Ондасын Уразалин принял участие в отчетных встречах с населением Байганинского и Темирского районов. В них участвовали депутаты районных маслихатов, предприниматели, жители.
В Байганинском районе активно развивается животноводство, наблюдается рост поголовья скота.
В 2019 году по словам акима района Кайрата Утарова достигнуты и перевыполнены индикаторы, касающиеся развития племенного животноводства, субсидирования, заготовки кормов, а также реализации программы «Агробизнес-2020», что позволило увеличить объем произведенной сельхозпродукции до 13,5 млрд. тенге.
В рамках программы «Еңбек» 66 жителей получили кредиты на сумму 431,3 млн тенге. 613 семьям назначена адресная социальная помощь на сумму 366,8 млн. тенге. Из 402 трудоспособных получателей адресной социальной помощи, 218 были охвачены активными мерами занятости.
Принимаются меры по развитию предпринимательства, зарегистрировано 1250 субъектов малого и среднего бизнеса. 69 начинающих предпринимателей получили финансовую поддержку на открытие и развитие собственного дела в размере 402,4 млн. тенге. В целях сдерживания цен на продукты питания в торговых точках района работает овощехранилище.
Заслушав отчет Кайрата Утарова, предложения и мнения байганинцев, глава региона поручил руководству района усилить работу по развитию животноводства, газификации населенных пунктов, модернизации и установке уличного освещения, строительству социальных объектов, обеспечению доступа к высокоскоростному интернету.
«Результаты работы в Байганинском районе, свидетелями которых мы являемся, достигнуты благодаря неустанному, сплоченному труду всего населения. Наша цель – поддержать все инициативы жителей, оказать посильную помощь. Мы должны с пониманием относиться к тем проблемам, которые поднимают жители. Ни одно обращение не должно оставаться без ответа, необходимо отвечать на запросы каждого гражданина», - поручил аким области.
Ондасын Уразалин ответил на вопросы, поступившие от жителей района на его страницу в социальной сети, а также провел прием граждан.
Во второй половине дня глава региона принял участие в отчетной встрече акима Темирского района Жолдаса Калмагамбетова с населением.
В Темирском районе приняты меры в рамках выполнения поручения Президента Касым-Жомарта Токаева по созданию «Государства, прислушивающегося к голосу народа», особое внимание уделяется своевременному разрешению обращений, заявлений и жалоб населения, налажена обратная связь. В 2019 году рассмотрены 327 обращений, касающихся получения жилья, газификации, уличного освещения, ремонта и строительства дорог, трудоустройства, назначения адресной помощи. Предоставлены ответы на более 2700 вопросов и предложений, поступивших от населения в Telegram и Instagram.
Проводится работа по повышению благосостояния населения района. Из 25 населенных пунктов 11 обеспечены централизованным водоснабжением. Для обеспечения питьевой водой сельских округов Кенкияк, Шубарши и Сарколь с населением почти 12 тысяч жителей начаты работы по реконструкции водопроводных сетей села Кенкияк. В проекте «Жас кәсіпкер» в 2019 году приняли участие 79 человек.
«Темирский район динамично развивается, налажена обратная связь. Напоминаю, ни одно обращение, ни одна проблема населения не должны оставаться без внимания, необходимо поддерживать все инициативы подрастающего поколения и создавать все условия для его всестороннего развития. Радует, что мы воспитали прогрессивную молодежь. 12 актюбинцев прошли в Президентский кадровый резерв, половина из них назначены на руководящие должности. Я уверен, что они будут служить на благо Казахстану», - подчеркнул Ондасын Уразалин в завершение встречи.
После отчетной встречи аким области принял 5 человек по личным вопросам, поручив руководству района рассмотреть пути решения вопросов и в ближайшее время представить информацию об исполнении.
Құрметпен,
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Комментарии