Ақтөбе облысының 2019 жылғы жалпы  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қорытындыланды


Бүгін  облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жылы өңірде атқарылыған жұмыстарды  сараптауға арналған кеңейтілген аппараттық отырыс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары және видеобайланыс арқылы қала, аудан әкімдері қатысты. Аймақ басшысы алдымен   әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің артқанын атап өтті.

«Облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,7% құрап, өнеркәсіп – 105,9%, инвестиция – 107,5%, ауыл шаруашылығы – 103,7%, бөлшек және көтерме сауда – 104,9%, құрылыс – 105,8%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 112,4% құрады»-деп атап өтті облыс әкімі.

Бұдан соң, облыс әкімінің орынбасары Руслан Мамунов  өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен 2020 жылға қойылған  міндеттері туралы баяндады. Соңғы үш жыл қатарынан  өңірдің экономиқалық өсімі 5% құрап, барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш көлемі артқан. Қазір облыста тау-кен өндіру секторында  200-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді, олар жыл сайын шамамен 6 млн.тонна мұнай өнімдерін, 6 млн.тонна хром рудасы, 4,5 млн.тонна. хром концентраттары, 3 млн. тн. мыс кендері, сондай-ақ 400 мың тн. құрамында алтыны бар кендер және 300 мың тонна мыс концентраттары өндіріледі.

Сонымен қатар, Руслан Мамунов өңірге инвестиция тарту бүгінгі күні басты мақсат болып отырғанын жеткізді. Инвестицияның НКИ өсуі 107,5% құрап, 600 млрд. теңгеге жуық тартылған. Дегенмен, Ырғыз Шалқар және Байғанин аудандары инвестиция тартуда көрсеткіштері төмен.

Облыстағы құрылыс кешені, жол инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  дамыту бойынша атқарылған шаралар жайын баяндаған облыс әкімінің орынбасары Рахат Сыдықов өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 194 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы деңгейден 5,8% асқанын айтты.  1,02 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2020 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру үшін 7,5 млрд. теңге бөлінеді. 2020 жылы сомасы 31,9 млрд. құрайтын 98 ірі жоба іске қосылуы жоспарланып отыр. Қазіргі таңда республикалық және облыстық бюджеттің қаржыландыру есебінен жалпы құны 4,3 млрд. теңгеге 15 газдандыру жобасы жүзеге асырылуда.

2020-2022 жылдардың республикалық бюджетін қалыптастыруға сумен жабдықтау бойынша құны 9,7 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба қолдау тапқан.

Облыс әкімі осы тұста құрылысы ұзаққа созылған нысандарды сынға алды.  «Біз мектеп, денешынықтыру ғимараттары, әлеуметтік нысандар салу керек дейміз, бюджеттен тиісті қаражат бөлініп отыр, құрылыстардың тым ұзаққа созылуына кім кінәлі?»-деген аймақ басшысы кемшіліктерге жол берген басқарма басшыларына аяушылық танытпауды, тіпті  жұмыстан босатып,  тәртіптік шара көрілетіндігін  ескертті. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов өнеркәсіп, бизнесті дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуына тоқталды. 2019 жылы өнеркәсіп көлемі 1,9 трлн.теңгені құрап, 600 млрд.теңгеге өнім  өндірілген. Өңірдегі кәсіпорындар жалақыны арттырған. 2 176 кәсіпорын 75 203 қызметкерінің жалақысын орташа есеппен 10-15%-ға көтерді. 2020 жылы  28 ірі және орта кәсіпорын 22 053 қызметкердің еңбекақысын арттыруды жоспарлап отыр.  Кәсіпкерлікті дамыту бойынша  даму институттары арқылы қаржыландырудың барлық көздерінен  2,1 мың кәсіпкерлік субъектісіне 33 млрд.теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Облыстағы агроөнеркәсіп кешенінің көрсеткіші жайын баяндаған облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин  ауыл шаруашылығы саласында 275,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілгенін жеткізді.  «Ақтөбе облысындағы  агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауов 2019 жылғы мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібін баяндады.

Жиынды қорытындылағын аймақ басшысы атқарылған жұмыстарға баға бере отырып, барлық салада қарқынды дамытуды қамтамасыз ету керек екенін айтты.

«Жалпы, жыл қорытындысының көрсеткіші жаман емес, дегенмен шешуді қажет ететін  кемшіліктер де  жетерлік .Әрқайсысыңыз өз салаларыңызға қатысты қорытынды шығарып тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, өңір экономикасының дамуына жұмылып жұмыс жасау керек»,-деді Оңдасын Оразалин.

Сонымен қатар, орынбасарларына, басқарма басшыларына, қала, аудан әкімдеріне халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды, олармен  кездесулер ұйымдастырып, Үкімет тарапынан қабылданып жатқан түрлі мемлекеттік бағдарламаларды  түсіндіріп, тікелей байланыс орнатуды тапсырды.

 

Ондасын Уразалин поручил обеспечить динамичное развитие региона в 2020 году


Итоги социально-экономического развития Актюбинской области за 2019 год подведены в ходе расширенного совещания под председательством главы региона Ондасына Уразалина. В работе совещания приняли участие заместители акима области, руководители департаментов, управлений, акимы города Актобе и районов в режиме видеоконференцсвязи.

«Краткосрочный экономический индикатор области составил 105,7%, объемы промышленности - на уровне 105,9%, инвестиций – 107,5%, сельского хозяйства – 103,7%, розничной и оптовой торговли – 104,9%, строительства – 105,8%, жилищного строительства – 112,4%», - отметил Ондасын Уразалин.

По словам заместителя акима области Руслана Мамунова за последние три года наблюдаются стабильные темпы роста всех социально-экономических показателей, в частности, рост экономики составил 5%.

Руслан Мамунов подчеркнул, что привлечение инвестиций в регион остается приоритетной задачей. Рост ИФО инвестиций составил 107,5%, привлечено порядка 600 млрд. тенге. Однако в Иргизском, Шалкарском и Байганинском районах наблюдаются низкие показатели по привлечению инвестиций.

Заместитель акима области Рахат Сыдыков сообщил о результатах работы по развитию строительной отрасли, дорожной инфраструктуры, ЖКХ. Так, объем выполненных строительных услуг составил 194 млрд тенге, в эксплуатацию сдано свыше 1 млн. квадратных метров жилья.

На реализацию программы «Бақытты отбасы» выделено 7,5 млрд. тенге. В 2020 году планируется запуск 98 крупных проектов стоимостью 31,9 млрд. тенге. В настоящее время за счет средств республиканского и областного бюджетов реализуется 15 проектов по газификации на общую сумму 4,3 млрд. тенге. В ближайшие три года будет реализовано 16 проектов по водоснабжению на сумму 9,7 млрд. тенге.

Вместе с тем аким области подверг критике работу, проводимую в регионе по строительству социальных объектов. 

«Мы хотим построить школы, спортивные сооружения, социальные объекты, из бюджета на эти цели выделяются соответствующие средства, но строительство затягивается. Кто в этом виноват?», - задался вопросом глава региона, поручив принять соответствующие меры в отношении тех, по чьей вине объекты будут сданы с опозданием.

Также Ондасын Уразалин напомнил о персональной ответственности руководителей, вплоть до увольнения.

Заместитель акима области Кайрат Бекенов остановился на развитии промышленности, предпринимательства.

По его словам за истекший период объем промышленности составил 1,9 трлн тенге, произведено продукции на 600 млрд тенге. Более 2 тыс. субъектов предпринимательства получили поддержку из различных источников финансирования на сумму 33 млрд. тенге.

В регионе принимаются меры по повышению заработной платы: 2176 предприятий повысили 75203 работникам зарплату в среднем на 10-15%. В 2020 году повышение ожидает 22 053 работников 28 крупных и средних предприятий.

Заместитель акима области Амангали Бердалин доложил об итогах развития сельского хозяйства. Так, произведено сельхозпродукции на сумму 275,2 млрд. тенге. Продолжается реализация региональной программы развития АПК Актюбинской области на 2020-2025 годы.

Руководитель аппарата акима области Нуржауган Калауов доложил об исполнительской дисциплине государственных органов в 2019 году.

По итогам совещания глава региона поручил обеспечить динамичное развитие всех отраслей.

«В целом, результаты года неплохие, но есть недостатки, которые требуют оперативного решения. Каждый из вас должен принять самые эффективные меры по повышению благосостоянию населения, развитию экономики региона», - обратился Ондасын Уразалин к подчиненным.

Заместителям акима области, руководителям управлений, акимам города Актобе и районов поручено наладить тесную связь с населением, проводить с жителями встречи по  разъяснению различных государственных программ, принимаемых Правительством.

Құрметпен,

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі