«Қадірменді ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
1 қыркүйек –Білім күнімен баршаңызды құттықтаймын! Жаңа оқу жылы шәкірт үшін –жаңа белеске қадам, ата-ана үшін – қуаныш пен үміт, ал мұғалім үшін – жауапты да мәртебелі кезеңнің бастауы.
Биыл өңіріміздегі 441 мектеп 190 мың оқушыға есіктерін айқара ашады. Оныңішінде 19 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отыр.
Оқу жылының қарсаңында Мемлекет
басшысы – жас ұрпақты саналы тәрбие, сапалы біліммен қамтамасыз етуді міндеттеп,ал мемлекет тарапынан жүйелі қолдаудың жалғасатындығын жеткізген еді.
Өңіріміздің білім беру ұйымдарында еңбек ететін 26 мың ұстаздың бұл міндетті абыроймен атқаратындығына сенімім мол.
Білім беру – тек қана оқу емес, ол – болашаққа салынған ең үлкен инвестиция.Сондықтан облыста мектепке дейінгі ұйымдардан бастап, орта және кәсіби білім беру жүйесіне дейін жүйелі өзгерістер жүзеге асырылуда.
Мектепке дейінгі білім беруде балаларды қамту көрсеткіші 95%-ға жетті. Биылдыңөзінде 23 жаңа балабақша ашылып, жыл соңына дейін қосымша 1200 орын қолжетімді болады. «Беске дейін үлгер», «Жасыл балабақша», «IT-балабақша» сияқты жаңа жобаларбарлық балабақшаға енгізілуде.
Орта білім беру саласында, бүгін аймақта «Келешек мектептері» ұлттық жобасы
аясында 5 білім ордасын пайдалануға береміз. Сапа көрсеткіші де артып келеді.Физика, химия, биология пәндері бойынша білім деңгейін көтеру үшін «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесі енгізілуде. Дарынды балаларымызреспубликалық, халықаралық олимпиадаларда 162 медаль иеленді.
Инклюзивті білім беруде ерекше балалар назардан тыс қалмайды. Биыл 150 орындықарнайы түзетім балабақшасы іске қосылып, 18 мектепте инклюзия кабинеттері ашылады. Сондай-ақ, қоршаған ортаға бейімделуі қиын, айналасын танып-түсінебермейтін 1,5 мыңға жуық ерекше баланың ата-аналарына тегін GPS-трекер таратылады.
Техникалық және кәсіптік білім беруде дуалды оқыту жүйесі кеңеюде. Жаңамамандықтарға, әсіресе жұмысшы мамандықтарына сұраныс екі есеге артты. Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі жанынан ІТ-Хаб салынып жатыр.
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер жылы. «Адал азамат» біртұтас тәрбиебағдарламасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының негізіне айналдыра отырып, біз өңірдің білім беру жүйесінің алдында тұрған ауқымды міндеттерді орындауға тиіспіз. Оған тек ортақ күш-жігердің арқасында қол жеткізе аламыз.
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жыл жарқын
идеялар мен кәсіби жетістіктерге толы болсын. Балаларымыздың зейіні ашылсын!»
Комментарии