“Қымбатты Ақтөбеліктер!
Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толды. Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Елордамызда «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Мемлекет басшысы бұл жиында: «Біздің ұрпақ міндетті түрде үлкен жетістікке куә болып, табысқа жетуі керек. Балаларымыз бен немерелерімізге дамыған, өркениетті, құқықтық ел қалдыруымыз қажет. Бұл – біздің тарихи борышымыз. Осы мақсатқа жету үшін біз қазір Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Түптеп келгенде, бұл – ұлттық идеология» деп атап өтті.
Қадірлі жерлестер! Осы ұлттық идеология аясына баршамыз топтасып, бірлік пен береке ұйысқан қасиетті Отанымызды өркендету жолында біртұтас болуымыз қажет.
Мерейтой қарсаңында, Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің азаматтары «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен наградталды. Олардың қатарында біздің де жерлестеріміз бар. Бүгінгі өткен «Байтақ елдің Ата Заңы» атты салтанатты шарада бұл наградаларды иелеріне табыстадым. Марапат иегерлері- құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолында ерекше еңбек сіңіріп, өңіріміздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтар мен азаматшалар.
Ардақты ағайын! Конституциямыздың 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық ұяласын! Ата Заңымыз асқақ, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!”
Комментарии