Справочник
next
Акбобек, детский образовательный центр Частные детские сады, Акбобек, детский образовательный центр Частные детские сады,
Акбобек, детский образовательный центр Частные детские сады,
5.0

Акбобек, детский образовательный центр

Частные детские сады,
закрыто dropdown

Пн

08:00 - 18:30

перерыв

13:00 - 14:00

Вт

08:00 - 18:00

перерыв

13:00 - 14:00

Ср

08:00 - 18:00

перерыв

13:00 - 14:00

Чт

08:00 - 18:00

перерыв

13:00 - 14:00

Пт

08:00 - 18:00

перерыв

13:00 - 14:00

Сб

вых

Вс

08:00 - 18:00

перерыв

13:00 - 14:00

Адрес: Санкибай Батыра проспект, 74Б, Актобе
показать на карте скрыть карту

пока нет ни одного отзыва

Бизнес-лента
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЗДІК ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖИНАЛҒАН ПЛАТФОРМА,
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЗДІК ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖИНАЛҒАН ПЛАТФОРМА "Қой дегенде қоя ғой", "Тамақты үлкен жаққа жеме", "Үкпе", "Шәйді жаңа іштің ғой", - деген сөздерден шаршасаңыз, балаларыңыздың энергиясын басқа нәрсеге бұру керек. Желдей жүйрік интернетті, кредитке алған қымбат смартфонның игілігін youtube-тан басқаға да қолданатын кез келді.

🔴 www.kitap.kz

🔴 www.adebietportal.kz

Ағылшын тілінде оқығыңыз келсе

🔴 www.kindle.com

Ана тілімізді қызықты форматта жетік үйренуге арналған

🔴 www.balatili.kz

Ағылшын тілінде кино мен ток-шоу, деректі фильмдер, мультфильмдер. 1 ай тегін қолдануға болады, әрі қарай созғыңыз келмесе кез келген уақытта тоқтатуға болады.

🔴 www.netflix.com

📱 "Үй қамақта" отырған кезіңізде сіз де біліміңізді жетілдіріп алам десеңіз @akbobek.gazeta парақшасына тіркеліп

🔴www.akbobek.kz
сайтында балаға қызықты мәліметтерді онлайн оқуға болатын платформаны ашуға болады.

Бәрімізге пайдалы қандай платформаны ұсынар едіңіз?
4 августа 2020г
БОЛАШАҚ ЕЛ БИЛЕУШІ БАЛАЛАРДЫҢ АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ПОСТ,
БОЛАШАҚ ЕЛ БИЛЕУШІ БАЛАЛАРДЫҢ АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ПОСТ Ана тілегі қабыл ғой, әумин 🤲 деп пікірге жаза кетіңіз!

🧟‍♂️Балам бетімен кетті деп жынданып тұрған ана бүгінде. Біреуіңіз бұрышқа тұрғызу керек дейсіз. Екіншіңіз ұрыспасам бала жөнделмейді дейсіз. Үшіншіңіз таяқ жеп өстік, өлмедік деуіңіз әбден мүмкін😉

Сонымен, тыңдамайтын бала қайдан шығады?

🤱🏼Баламыздың болашағына алаңдаймыз. Бастық болса екен дейміз. Сұлтан-Сүлеймандай құрмет көрсін келешегінде дейтініміз тағы бар. Алайда баланы құлша тәрбиелейміз. Жүрегін жаралаймыз. Жазалайтынымызды да жасырмайық. Баласын бұрышқа тұрғызып, сілкілеп өсіретін хан-сұлтанды өмірден де, кинодан да таппайсыз. Қарасаңыз, аялы алақанның астында, ерекше махаббаттың ортасында өсіп жетіледі.

Баланың бұзық мінезіне не себеп?

🚸Сіздің шартты махаббатыңыз
🚸Сіз бөлмеген уақыт
🚸Сіз айтпаған ертегі
🚸Сізбен ойналмаған ойын

деп тізім жалғаса береді.

💁‍♀️Қайтсек болады десеңіз, дәл бүгіннен бастап,

👫балаңызға уақыт бөліңіз.
👫Жаныңызға алып, әңгіме айтыңыз. «Қарашы, көрші Айдос бүйтеді, сөйтеді. Сен бұзық болмасаншы» деген салыстырма әңгіме емес,
👫ана мен бала боп, ана мен қыз боп айтар әңгіме айтыңыз.
👫қасына отырып, кино қараңыз. Сізге ұнайтынын емес, ойласа отырып, ортақ таңдау жасаңыз.
👫Жасы кіші десеңіз, мультфильм көріңіз.
👫Дұрыс мектеп, үздік балабақша таңдауыныз қажет. Қаражат болса, ештеңе аямауыңыз қажет.

🧘‍♂️Алғашқы қадам жасау оңай емес. Алайда сіз тәрбиелемеген баланы күні ертең айналасы, кейін өмірдің өзі тәрбиелеп алады. Ал олардың «алақаны» сіздікіндей жұмсақ болмайды.

🎯Бала кезіңізде бұрышқа тұрып па едіңіз? Тентектігіңізді жазалайтын ба еді? Есте қалған әдемі естелік жазамын десеңіз, ❤️❤️❤️!
4 августа 2020г
Сiздiң үйде матриархат па, жоқ әлде патриархат па?,
Сiздiң үйде матриархат па, жоқ әлде патриархат па? Қызық болсын, балаңызға төмендегі сауалдарды қойып көріңізші. Елiмiздегi мектептерге жүргізiлген зерттеулердің бiрiне көз жүгiртейiк. Балаларға қойылған сұрақтар:

🔷Үйде кiмнiң ықпалы күштірек деп ойлайсың?

Жауап нәтижесі:
Анамның - 70%, әкемнiң -30%

🔷Егер қиындыққа тап болсаң, бiрiншi кiмге айтар ең?

Жауап нәтижесі:
Анама -84%, әкеме - 16%

Не байқадыңыз? Иә, біздің қоғамда аналардың үстемдігі артып келеді. Бұл бізде ғана емес. Әлемде әкелер тәулігiне орта есеппен балаға 15 минут қана уақытын арнайды екен. Осы үшін отбасын асырап жүрген әкелердi жазғыруға болмас. Дегенмен бала тәрбиесіндегi әке рөлiнiң күн санап азайып бара жатқаны ақиқат. Бұл бала тәрбиесіндегі ата-ананың үлес-салмағы, балансы бұзылды деген сөз.

Аналар табиғатынан нәзік, соған сай Жаратушымыз оның бойына жұмсақтау мінез, үй тірлігін дөңгелетер қабілет дарытқан. Ал ерлер қауымына табандылық, өр мінез, күрескерлік рух секілді қасиеттер дарытты. Демек бала екеуінен де өзіне қажеттіні алуы тиіс. Тәрбиеде қайсысының үлес-салмағы артса, табиғаты да соған жақындау болады.

Қала берді, тәрбиенің тағы бір көзі - мектепті алайық. Мектептегі мұғалімдердің де 90%- әйелдер. Ал енді бағалай беріңіз...

🌹Құрметті, аналар! 🌹

Сондықтан «тыныш, әкең ұйықтасын»,«әкеңе айтам» деп онсызда алыстап бара жатқан әкелерді баладан алшақтатпайық. Керісінше, мейлінше оларды әкелерімен көбірек уақыт өткізуге, сырласуға, кей жұмыстарды бірге атқаруға, шешімдерді бірге қабылдауға баулуымыз керек. Сонда кейін есейген ұлыңыз «Үйленгім келеді. Папаға сен айтшы» деп тұрмайды. Қызыңыз да солай. Әке мейіріміне қанып, ер адамның бойындағы барлық қадір-қасиетті көріп өскен қыз бала жар таңдауда жаңылыспайды.

Иә, бала тәрбиесі қолыңа балапан құс ұстағаның секілді. Қатты қыссаң, өлтіріп аласың. Ал алақаныңды ашсаң, бұлқынып ұша жөнеледі. Сондықтан бала тәрбиесіне аса абай болып, ағаттық жіберіп алмауға тырысайық. Ойланып қалдыңыз ба? Ойланбаңыз!

Одан да
🔥🔥🔥талқылайық

Сонымен сіздің үйде кім қожайын? 😄
28 июля 2020г
ТҰЙЫҚ БАЛАНЫҢ МІНЕЗІН ӨЗГЕРТУГЕ БОЛАДЫ МА?,
ТҰЙЫҚ БАЛАНЫҢ МІНЕЗІН ӨЗГЕРТУГЕ БОЛАДЫ МА? Абай атамыз «адамды тәрбиелеуге, өзгертуге  болмайды деген адамның тілін кесу керек» деген.
Сондықтан мінезді кез келген жаста, кез келген жағдайда өзгертуге болады.

Постқа ❤ басып, соңына дейін оқыңыз.

Мінезді  қалай өзгерту керек?

📌Ұяңдық, ұялып жүру, тұйықтық - бұл баланың бар мүмкіндігін көрсетуге кері әсерін тигізетін қасиеттер. Оған түрлі жағдай әсер етеді. Әсіресе, отбасындағы атмосфера.

📌 Тұйық баланы бірден тануға болады.
Ол үндемейді, көзін төмен салбыратып жүреді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды.

📌Өзін кінәлі сезіну, ұялу, қарым-қатынасқа түсуден қашқалақтау, ренжи беретін бала тұлға бола ма?

📌Балаңыздың бойынан осы қасиеттердің бірін байқасаңыз, әкесіне, атасына, нағашысына тартқан деп ақтамаңыз.
Кішкентай кезінен ойын еркін жеткізуге, мінезінің ашық жарқын болуы ата-анасының тәрбиесіне байланысты.

📌Егер балаңыз сезімін көрсетпесе, жалғыз қалуды қаласа, өзіне сенімсіз, тұйық болса, себебін  анықтаңыз. Ізденіңіз, оқыңыз. Себебі, балаңызды сізден артық ешкім білмейді. Мүмкін сіздің мінезіңіз, ашуыңыз, көзқарасыңыз баланы «басып» тастаған шығар. Давайте ойланыңыз.

👆🏻Бұл мәселенің себебі көп.
Негізі себеп, балалық шақ. Балақайдың балалығы 50% уақыты балабақшада өтеді.

📌Олай болса, балабақшаны дұрыс таңдаудан қателеспеуіңіз қажет. Мысалы, біз Ақбөбек орталығы 1996 жылдан бастап балаға жағдай жасаудың тынымсыз жолдарын іздеп, емдік және дәрігерлік қызметпен айналысып келе жатырмыз.

🌎Бізді таңдаған әрбір балақай, өмірде үлкен жетістіктерге жетеді!

☎️ +7 775 714 0152
📞 533-203, 533-204

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз!
22 июля 2020г
Сиқырлы сөздер!,
Сиқырлы сөздер! Ұл-қызымыздың жақсы адам болғанын, жақсы оқығанын, жақсы жұмысқа тұрғанын, жақсы жалақы алғанын, жақсы адаммен жолдас боп, жақсы адамға жолыққанын қалаймыз.

СОХРАНИ✅, ЛАЙК❤️, КОММЕНТ✏️ ⠀

💁‍♀️Ал жақсы сөздерді балаларымызға айтамызба? "Сенен түк шықпайды", "Адам болсаң, мұрнымды кесіп беремін"-дегенді естіп өскен баланың жан-дүниесі жаралы боп өседі.

1️⃣ Сенің қолыңнан келеді!
2️⃣ Мен сені жақсы көремін!
3️⃣ Барың үшін бақыттымын!
4️⃣ Ақылдым!
5️⃣ Кез келген сәтте өзіңмен біргемін!
6️⃣ Бүгін сені ренжітсем, кешір
7️⃣ Сенімен ақылдасқым келеді
8️⃣ Сені ұрыссам да жақсы көремін!
9️⃣ Күнің қалай өтті?
🔟 Саған көмегім қажет пе?
1️⃣1️⃣ Шешіміңді құрметтеймін
1️⃣2️⃣ Келші, құшақтайын
1️⃣3️⃣ Сені тыңдап тұрмын
1️⃣4️⃣ Рақмет!
1️⃣5️⃣ Бұл дүниені жасау қалай келді қолыңнан, маған үйретші

💕Тым қарапайым сөздер, алайда осыларды естіген бала жаны жадырайды.

Бала жаның терең түсінем десеңіз, республикалық "Ақбөбек" газетімізге жазылып, бала дамуына жақын болыңыз!

Жазылу индексі: 6️⃣4️⃣6️⃣4️⃣4️⃣.
Облыс орталықтарына –2355теңге.
Аудан, ауыл-аймақтарға –2405 теңге.
Жазылу барлық «Қазпошта» 📪📰🗞АҚ бөлімшелері арқылы жүргізіледі✅❗️

📞: 7 702 694 9607, +7 776 795 9191.

💌akbobek.bbo@mail.ru
сайт: https://akbobek.kz
Utube: https://www.youtube.com/channel/UCf5uSvU3STvfAnVpl4PjZGg

💕Балаңызға күніне айтар жылы сөздеріңіздің ТОП-үштігін пікірге жазыңызшы.

Қандай сөзді қосу керек деп ойлайсыз?
22 июля 2020г
АНАЛАР МЕН БОЛАШАҚ АНАЛАР ҮШІН ПАЙДАЛЫ ПОСТ❤️,
АНАЛАР МЕН БОЛАШАҚ АНАЛАР ҮШІН ПАЙДАЛЫ ПОСТ❤️ 🙇‍♀️ Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Алайда саусағын сорған, тырнағын тістеген, садикке барса да соскасын тастамаған, төбедей болса да төсекке жіберген балалардың бұл қылығын еркелік деп қарауға болмайды!

👶Дүние есігін ашқан бөпе 1,5 жасқа дейін айналасын АУЫЗ ҚУЫСЫ арқылы таниды. Сорады. Тістейді. Жұтады. Ему - сол танудың алғашқы баспалдағы. 62 тамырыңыз иіп, емізерде телефон шұқылаумен емес, тұлға қалыптастырумен айналысыңыз. Абайды дәретсіз емізбеген Ұлжандай ұрпағыңызға бар ұлағатыңызды төгіңіз. Құшақтағы сәбиіңіз сізге қарап жетіледі. Таңғалуыңыз мүмкін, алайда алғашқы 6 айда «жылы сөзге» сараңсып қалсаңыз, (беті әрмен) балаңыз есейгенде «нансоғар» атануы не темекі тартуға бейім болуы мүмкін.

🧸1.5 - 3.5 жаста бала тазалықты тани бастайды. Горшокке сұрануы да осы жаста. Сұранбауы да мүмкін. «Кіш етем деп қашан айтасың?» - деп тергеу астына алмаңыз. Су жаңа Иран кілемін бүлдірді екен деп, бұрышқа тұрғызуға да асықпаңыз. Себебі оның арты үлкен дәреті режимінің бұзылуына әкеп соғады.

👦3.5 – 6 жаста бала өз денесін танып, жыныс мүшелерін ұстап қарай бастайды. Ер баланың анасына, қыз баланың әкеге жақын болуы да осы кезең. Баланың бұл әрекеті -ата-анасының қайсы бірін жақсы көру көрсеткіші емес, өзін тану жолындағы кезекті белесі. «Тәйт, әйт» деп бала жанына жара салмайықшы.

🚩Баланың саусақ соруын қойғызған, соскадан ажыратқан аналар бар ма? Қандай әдіс қолдандыңыз? Дәрігер көмегіне жүгіндіңіз бе?

Ақбөбек балабақшасы🌸
30 июня 2020г
БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК? ,
БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК? 🎒Aлты жасар Алпамыстарыңыз мектепке дайын ба? Әлде жеті жасқа жетіп барсын деп отырсыз ба?

🧳Тақпақ айтып, тақылдап тұрған ұл-қызды мектеп жасына жетпесе де білім ордасына беруге асығамыз. Сөздерді тақылдап айтады, есепті шемішкеше шағады дейміз де арқасына сөмкесін іліп, партаға отырғызамыз. Алайда балапан оқуға дайын ба?

🏫Ескеретін бір жайт, мектеп - білім ордасы ғана емес, тәртіп пен ереже "мекені". Бір орында жарты сағат отырудың өзі ойын баласы үшін үлкен өнер. Оны қалай үйретсе болады?

💁‍♀️Балаңызды мектепке беремін деп шешсеңіз, дайындықты неден бастаған жөн?

✅Баланы алдымен сабақты айтуға емес, тыңдауға үйретіңіз. Зейінімен тыңдамаған бала алаңғасар боп кетеді.

✅Мектепке барар жылы үйірмеге жазылмағаныңыз жөн. Үйірме - қосымша жүктеме. Алғаш табалдырық аттаған баланы әрі-бері тасып, шаршатпаңыз.

✅Саусаққа күш түсетіндіктен,қазірден бастап үйден моторикасын дамытуға күш салыңыз. Ертеңгі күні қалам мен қарындашты ұзақ уақыт ұстауда көп қиналмайтын болады.

✅"Мектеп" туралы ұғыммен таныстырып бастаңыз. Мектеп ғимаратын көрсетесіз бе, формасының үлгісімен таныстырасыз ба өз еркіңіз. Қызықтыра отырып, жағымды пікір қалыптастыруға тырысыңыз.

💁‍♀️Балаңыздың мектепке дайындығы қалай? Сабақ оқуға ынтасы бар ма? Неше жастан берген дұрыс? Жалпы бағдарлама ауыр емес пе? Неше жастан мектепке бердіңіз, қандай қиыншылықпен кездестіңіз?
Бөлісіңіз⬇️

Бастысы, дұрыс мектепті таңдау. Тек қана Aqbobek international school Мемлекеттік стандартқа сай + NIS-Program + әрбір пәнді тереңдетіп оқыту енгізілген. Әрбір баланың қызығушылығына сәйкес, қосымша үйірмелер, секциялар бар.

📣Үлкен мүмкіндіктер мектебі- АҚБӨБЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБI.
Instagram @ais.aqbobek
☎️ 8(7132) 53-32-03
📞 +7 701 153 7090

30 июня 2020г