БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ

Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің жанынан құрылған мемлекеттік қызмет мектебінің 20 студентіне салтанататты түрде сертификат табысталды. Университеттің соңғы курсында оқитын үздік студенттер аталмыш мектепке өткен жылдың қазан айында іріктеуден өтіп қабылданған болатын.

 

 

Болашақ мемлекеттік қызметкерлерді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент бастығы Ғ. Тұрсынбаев пен оқу орнының ректоры Б.Абдрасилов арнайы құттықтап, алдағы қызмет жолдарына табыс тіледі.  

Сондай-ақ бұл күні өңірімізге арнайы іссапармен келген агенттік төрағасының орынбасары А.Шайымова мен мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хаб комитетінің басқарма төрағасы Ә.Бәйменов студенттермен кездесті. Ал, белсенді студенттер осы жылдың 21 қаңтары мен 31 наурызы аралығында облыс әкімі аппараты мен департаментте өндірістік тәжірибеден өтіп, өздерін болашағы зор жоғары қабілетті мамандар екенін айқындады. Олар департамент тарапынан ұйымдастырылған мәдени, рухани және шығармашылық шараларға белсене қатысып, өздерінің мемлекеттік қызмет саласының бір бөлігі ретінде сезіне білді. 

Жиын соңында жастар мемлекеттік қызмет мектебінде алған білімі мен тәжірибесін әрі қарай қызмет бабында ұштастырып, елге адал қызмет ететіндерін айтып, қуаныштарымен бөлісті.

«Оңтүстік»-ақпарат.

 

Последние новости

12.04.2019
Цитата дня
12.04.2019
Интересные факты
Гороскоп на 12 апреля
Түркiстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Шегiртке былтырғыдан 3 есе азайды
Бұл – тарихи қажеттілік!
Кандидаттарды ұсыну 10 сәуiрде басталып, 28 сәуiрде аяқталады
Қазыбек бидiң ескерткiшi бой көтердi