Елордада 4 көліктің соқтығысуы салдарынан бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше кешкі сағат 21.00-де Республика даңғылымен келе жатқан «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, «Нексия» көлігімен соқтысқан. Соқтығыс салдарынан ВАЗ көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Тойота», одан кейін «Лада 21 726» көліктерін қаққан.
«Жол-көлік апаты салдарынан «ВАЗ 2106» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.
Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты
2021-01-16 12:20:12
Последние новости
16.01.2021
Карантин в Байконуре продлили до 1 февраля
16.01.2021
ЦИТАТА ДНЯ