Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, 2019 жылдың қылмыстық ахуалын талдау негізінде қала Әкімінің тапсырмасымен полицияның 41 стационарлық модульдік пост құрылған, оның 4-і туристік полицияға және 37-сі ең криминогенді аудандарда орнатылған.
Модульдік посттарда күндізгі уақытта учаскелік инспекторлар, түнде патрульдік полиция Полкінің екі инспекторы қызмет етеді. Орнатылған модульдік полиция посттары қаладағы қылмыс жағдайына оң әсер етті. Стационарлық посттар құрылған, жаяу патрульдеу күшейтілген жерлерде құқық бұзушылықтардың азаюы байқалады, алғыс білдіретін жергілікті тұрғындардың көптеген оң пікірлері бар, бұл олардың жұмысының тиімділігін көрсетеді, - дейді Таймерденов.
Стационарлық полиция посттары орналастырылған сәттен бастап 7 мыңнан астам азамат өтініш білдірген, олардың өтініштері бойынша 43 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталыпты.
Бұл өтініштер бойынша 2 200 әкімшілік іс қозғалды, 816 өтініш бойынша жауап шаралары қабылданды, 949 азаматқа заңгерлік көмек және кеңестер берілді. Жалпы, осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қалада қылмыс барлық бағыттар бойынша 47,8% төмендеді. Сонымен қатар, модульдік посттар орнатылған жерлерде қылмыс деңгейі орта есеппен 60% төмендеді, - деді Департамент бастығы.
Алматыда, күніне орта есеппен 1 мың 650 полиция қызметкері 550 мың криминогендік маршрутты күзетуге шығады екен, оның 1110-ы жаяу, 540-ы автокөлікпен.
Алматыда полиция посттары қойылған жерде қылмыс 60% төмендеген
2020-12-28 16:20:13
Источник:
http://www.matritca.kz/news/85557-almatyda-policiya-posttary-oyylan-zherde-ylmys-60-tmendegen.html#