Қарағандыда мұз ойылып, трактордың суға батқаны түсірілген видео тарады

2020-12-15 12:20:15
Қарағандының орталық саябағында мұз ойылып, трактор суға батты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Жүргізуші трактордан шығып үлгерген.

Әлеуметтік желіде Қарағанды орталық саябағында мұз ойылып, трактордың суға батқан сәтінің видеосы жарияланды. Арнайы техника саябақта қар жинап жүрген. Видеодан құтқарушылардың тракторды мұздан шығармақ болып жатқанын көруге болады.
Қарағандыда мұз ойылып, трактордың суға батқаны түсірілген видео тарады


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі бұл жағдайда қатысты
қатысты түсінік берді.

Ведомство мәліметінше, тракторды судан шығаруға 8 адам мен 2 техника жұмылдырылған.

"15 желтоқсанда сағат 12:00-де Қарағанды қаласының орталық саябағында мұз ойылып, трактор жартылай суға батып кетті. Жүргізуші техникадан өз күшімен шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.