USAID-тің қауіпсіз көші-қон жобасы мигранттардың құқықтарын қолдау мақсатында онлайн науқан ұйымдастырды

2020-12-15 08:20:17
18 желтоқсан Халықаралық көші-қон күні. Осы маңызды күнді атап өту үшін АҚШ үкіметі Winrock International іске асыратын Орталық Азиядағы Қауіпсіз көші-қон жөніндегі Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) жобасы арқылы Қазақстандағы мигранттардың құқықтары туралы хабардарлықты арттыру үшін әлеуметтік желілерде науқанды бастады.


Көші-қон адамның лайықты, қауіпсіз және бейбіт өмірге деген ұмтылысына негізделген жаһандық процесс. Туған елін тастап кету туралы шешім әрқашан төтенше шара болып табылып, көбінесе қауіпті жолдың басталуын білдіреді. Биыл Орталық Азиядағы көптеген мигранттар COVID-19 пандемиясы кезінде шекаралардың жабылуына байланысты қиындықтарға тап болды. Олар жұмысқа, тамаққа, денсаулық сақтау жүйесіне және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алмай, осал жағдайға тап болды.

Мигранттардың құқықтары туралы хабардарлықты арттыру және олар тап болғанқиындықтарды жарыққа шығару үшін Орталық Азиядағы Қауіпсіз көші-қон жөніндегі жоба Қазақстан халқын мигранттарға стереотиптер призмасы арқылы емес, адам құқықтарының қағидаттары мен нормалары негізінде қарауға шақыру үшін науқанды бастады. Коммуникациялық науқан 18-25 желтоқсан аралығында жалғасып, оның барысында әлеуметтік желілердегі пікір жетекшілерімен түрлі іс-шаралар жүзеге асырылады. Науқанға кез келген адам өз оқиғасымен бөлісіп #БізТеңбіз, #БізБәрімізМигрантпыз және ағылшын тілінде #WeEqual and #WeAllMigrants хэштегтерін қолданыпқосыла алады.

USAID қаржыландыратын Орталық Азиядағы Қауіпсіз көші-қон жөніндегі жобаны Орталық Азияның бес елінде Winrock International жүзеге асырады. Бұл бес жылдық жоба, адам саудасының алдын алу, тірі қалғандарды қорғау және қауіпсіз көші-қонға жәрдемдесу мақсатында үкіметтердің, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке сектордың өзара есептілігі мен тиімділігін күшейту үшін нақты деректерге негізделген әдістер мен трансшекаралық байланыстарды пайдаланады. Жоба көші-қон практикасын жақсарту және қанаудың алдын алу мақсатында жергілікті билік органдарымен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Толығырақ ақпарат USAID Орталық Азия веб-сайтында қолжетімді: https://www.usaid.gov/central-asia-regional.