Нұр-Сұлтанда және тағы алты өңірде ауа райы бұзылады

2020-12-07 16:20:12
Ертең Нұр-Сұлтанда және алты облыста ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Синоптиктердің мәліметінше, 8 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда тұман түседі. Сондай-ақ, Ақмола облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының кей жерінде 8-10 желтоқсанда тұман түседі. Шымкент пен Түркістанда 8-9 желтоқсанда тұман түседі.

Қарағанды облысында тұман салдарынан дауылды ескерту жарияланды.

8 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Павлодарда күндіз боран соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда бұрқасын болады деп болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.