Алматыдағы қоймалардың бірінен тіркелмеген 254 атыс қаруы тәркіленді – ҰҚК

2020-12-07 12:20:19
21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы «Күзет «МКК» АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналының заңсыз сақталғаны туралы мәлімет түсті. Ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, күзет тек екі қызметкердің күшімен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Террористік, экстремистік ұйымдар мен қылмыс өкілдеріне оны тиісінше сақтамау туралы ақпарат түскен, сондай-ақ электоралдық кезеңде қауіп-қатерге жол бермеген жағдайда қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылданды.

Нәтижесінде, тіркелмеген 254 атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.