2020 жылғы 4 желтоқсанынд Қазақстан Республикасының аумағына Венгрия, Литва, Пәкістан, Мысыр, БАӘ, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіның баспасөз қызметі хабарлады.
1 898 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 695 адам, анықтамасыз 203 адам ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 298 жолаушы, анықтамамен - 1 142, анықтамасыз - 156;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 478 жолаушы, анықтамамен - 433, анықтамасыз - 45;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 122 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 2.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 203 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті.
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
2020-12-05 08:20:19
Источник:
http://www.matritca.kz/news/84563-shetelden-kelgen-zholaushylardan-koronavirus-anytalan-zho.html#
Последние новости
05.12.2020
5 желтоқсанға арналған ауа райы
05.12.2020
Бурабайдағы төрт әйелдің денесі табылды
05.12.2020
Прогноз погоды на 5 декабря
05.12.2020
Гороскоп на 5 декабря