5 желтоқсанға арналған ауа райы

2020-12-05 08:20:19
Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың кей жерлерінде қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромед.

Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз боран соғады.

Жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде 23 градусқа дейін қатты аяз сақталады.