Ақмола облысының Бурабай кентінде тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болған.
Сағат 00:00-де Бурабай АПБ кезекші бөліміне Бурабай кентінің тұрғынынан көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде кісі өлтіргені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Жедел-тергеу тобы келген соң аталған пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денесі табылды, - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғынын анықтады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бурабайдағы төрт әйелдің денесі табылды
2020-12-05 08:20:19
Последние новости
05.12.2020
Прогноз погоды на 5 декабря
05.12.2020
Гороскоп на 5 декабря
04.12.2020
Құран Кәрімді 5 млн теңгеден саудалап жатыр
04.12.2020
Оралда жол апатынан 4 адам зардап шекті