Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты түнгі сағат 23:45-те Шығыс айналма жолында болған.
«Mercedes-Benz, Hyundai, Mitsubishi Pajero көліктері Шығыс айналма жолында бір-біріне соғылған. Жол апатынан 34 және 19 жастағы жүргізушілер жарақат алды», - деді баспасөз қызметінен.
Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Алматыда үш көлік соғылып, 2 адам жарақат алды
2020-12-04 12:20:12