Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды

2020-12-04 12:20:12
Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болды. Бұл туралы ұйым төрағасы және Албания премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Хельга Шмид бас хатшы, Маттео Мекаччи Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры, Тереза Рибейро БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі болды. Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалды», - деді Рама.

Қайрат Әбдірахманов 2016-2018 жылдары Сыртқы істер министрі болды. Әр жылдары Израиль, Австрия, Словения елдерінде елші болды. 2008-2011 жылдар аралығында ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болған. Бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарған еді.

ЕҚЫҰ - әлемдегі ең ірі аймақтық қауіпсіздік ұйымы. Оған Солтүстік Америка, Еуропа мен Орта Азияда орналасқан 57 ел кіреді.